Путин Ленинді не үшін жақсы көрмейді?

Screenshot_2.jpg

Пролетариаттың көсемі Владимир Ленин 1924 жылдың 21 қаңтарында ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды.  Тарихи деректерге қарағанда Лениннің денесін мавзолейге мумиялап қою туралы идеяны алғаш рет айтқан Калинин екен. Алайда кейбір тарихшылар бұл идеяның негізгі авторы Сталиннің өзі болған, ол ұсынысты Калининнің аузымен айтқызды дейді. Лениннің денесін бальзамдап, арнайы кесенеге қою арқылы Сталин бір ғана мақсатты көздеді. Ол коммунистік қоғам табынатын «жаңа құдайды» алып келді. Билеушілерді бальзамдау, мумиялау ежелгі Мысыр жерінен басталады. Коммунистер осы дәстүрді қайта жаңғыртты. Мавзолейдің ежелгі вавилондық сәулет үлгісімен салынғанының өзі біраз нәрсені аңғартады... Жарайды, бұл жағына тереңдемей-ақ қоялық. 

Кейінгі кездері Лениннің денесін жер қойнына тапсыру қажет деген пікірлер көп айтыла бастады. Думадағы депутаттар Ленинді күтіп-бағуға кететін шығынды есептеуге көшті. Бұл әңгімелердің шығуы  бекер емес сияқты. Шын мәнінде Ленин қазіргі Ресей қоғамы үшін қолайлы тұлға емес. Оның денесін мавзолейден алып тастау Путиннің идеясы болуы мүмкін. Ол да бұл ойын ашық айтпайды,  депутаттардың аузымен айтқызады. 

Жуырда Ставрополь қаласында «Жалпыресейлік халық майданы» қозғалысының форумында «Лениннің денесін жер қойнына тапсыру қажет пе?» деген сауалға Путин «Бұл мәселеге өте байыпты қарау қажет. Жалпы елді екіге бөлетін нәрсеге сақтықпен қарауға тиіспіз. Қайта керісінше, бізге қазір халықты ұйыстыру керек» деді. 

Ал бұдан біраз күні бұрын ғалымдармен болған әңгіме кезінде Путин Владимир Лениннің идеясы Кеңес одағының құлауына  алып келді дегенді айтқан болатын. «Революция Ресейге қажет емес болатын. Ленин өзінің автономизация туралы идеясы арқылы Ресей деп аталатын үлкен ғимараттың іргетасына атом бомбасын қойды» деген болатын президент. Қазан төңкерісінен кейін Ресей империясына қараған көптеген елдер автономиясын алды. Соның ішінде Қазақстан да алғашқыда автономиялық, кейін формалды түрде болса да дербес республика атанды. Путиннің ойынша империяның құрамындағы ұлттар мен ұлыстарға автономия беріп жіберу Лениннің үлкен қателігі болған.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазанғап ақынды танытқан қазақ
  • Ләйлә Сұлтанқызы жаңадан тұрмысқа шыққан қыздарға 10 әпкелік кеңес айтты
  • Данияр Елеусінов теріс діни ағымда ма?
  • Баян Мақсатқызы: «Бізде қыздардың тең жартысы тұрмысқа шыққанша түсік жасатады»
  • Мәшинені ауылдың әкімі емес, мал дәрігері мінсін