Қазақ ежелден қонақжай халық

Screenshot_9.jpg

Кез-келген халықтың салт-дәстүрі оның тұрмыс-тіршілігімен тікелей байланысты болады. Яғни, салт-дәстүр дегеніміз -- халықтың жөн-жоралғылардың, ұстанымдардың жиынтығы. Салт-дәстүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршілігінен, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс. Баланың дүниеге келуі, ержетуі, келін түсіру, қыз ұзату және наурыз тойы, құрбан айт, ораза айт, ас беру, міне, осының бәрінің өз дәстүрі бар. Қазақтың шаруашылыққа, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет-ғұрыптары да бір төбе. Соның бірі ретінде шашуды айтуға болады. Бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Әдетте, шашуға кұрт, ірімшік, өрік, кейіннен қант, кәмпит пайдаланылған. Шашуды жаңа түскен келінге, алғаш босаға атаған күйеуге, түсауы кесілген балаға, алғаш атқа мінген балаға,т.б. жақсылықтарға шашады. Шашудың мәні - жақсылық, молшылық, кұт - береке тілеу. Ал, сүйінші - қуанышты хабарды, алдымен, бірінші болып жеткізген адамның алатын сый кәдесі. 

Сол сияқты қазақтың ұлттық ою-өрнегі де қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалардың өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген. Қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. 

Қазақ жиhаздарында ою-өрнек кең тараған. Ол кебеже мен әбдіре бетінің дәл ортасында, көбінесе, күн бейнесінде бейнеленіп, айналасына ұсақ жұлдызшалар, бұлт, толқын салынады. Жалпы алғанда ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. 

Біздің қазақ халқына қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан. 

Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейді. Яғни, «Қуыс үйден құр шығармайды».

Тағы бір жақсы әдет-ғұрып - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайыдастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болады. 

Рахия Төлемісова,

С. Көбеев атындағы №56 орта мектептің мұғалімі.

Шымкент қаласы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дәрігер болуды армандаған қыз - Шахзада Шонанова
  • Заңда фамилияны қандай жағдайда өзгертуге болады?
  • Санжар Асфендияров жайлы он дерек
  • Қазақ медицинасының майталманы - Санжар Асфендияров
  • Сталинге ультиматум қойған қазақ қызы - Халида Маманова
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика