Ажырасудан «үздік» ондықтамыз

Oinet.kz 11-07-2019 1076

Screenshot_13.jpg

Айтуға да ұят екен, әлемдегі ажырасулар ең көп тіркелетін ондықтың ішінде Қазақстан да жүр. Бұл рейтинг 1000 адамға шаққандағы ажырасу көрсеткішімен жасалған.  Біздің елдегі көрсеткіші 2,7 болса, көш бастап тұрған Гуам аралында -  5,3, екінші орындағы Ресейде – 4,7, үшінші орындағы Беларусьте – 4,1 құрайды екен. Айта кетерлігі, ең көп ажырасу тіркелетін он елдің алтауы – ТМД елдері екен.

Статистикадан мына сұмдықты да білдік: соңғы бес жылда Қазақстанда 700 мыңға жуық отау тігілсе, оның 300 мыңдайы ажырасып үлгерген.  Былайша айтқанда, біздегі дүркіреп өтіп жатқан екі тойдың бірі отбасы шаңырағының  шайқалуымен тынады екен. Сонда, біз әдетте сынап-мінейтін Батыс елдеріндегі отбасылық институттың біздікіне қарағанда мықтырақ болып шыққаны ма, қалай? Онда несіне мәз-мейрам болып, тойдан тойға шапқылаймыз да жүреміз? Жайылған дастарқан, шақырылған әнші-бишілер, жалданған лимузиндер, бейнекамералар мен асабалар – бәрі-бәрі құр ысырап, желге ұшқан қаржы болғаны ма? Бәлкім, тойханаға бармастан жаңадан құрылған отбасыларға 1 жыл сынақ мерзімін беріп көргеніміз дұрыс болатын шығар? Бос әурешіліктен де құтылар едік, қыруар қаржыны да үнемдер едік. Сіз қалай ойлайсыз, құрметті оқырман?

Мұрағаттан, 2016 ж

«Жазушылар Одағы - жағымпаздықтың одағы...»
Отырарда Қасым хан фильмі түсіріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу