Аймағамбетов «соңғы қоңырауды 1 маусымға ауыстыру бекер» деген сөзге жауап берді

Oinet.kz 25-05-2023 582

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі, мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов соңғы қоңыраудың 25 мамырдан 1 маусымға шегерілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі KYN.KZ порталына сілтеме жасап.

Screenshot_14.jpg

24 мамыр күні өткен мәжіліс отырысында журналистер «Оқу жылының ұзартылғаны өзін ақтамады», деп  атап өтті. Балалар оқымайды, бірақ оқулықтарды тапсырады немесе сынып сағаттарында отырады.

Асхат Аймағамбетов осы кезеңде балаларының сабақ оқитынын айтты. Аймағамбетовтың пікірінше әр өңірде жағдай басқаша. Бұл мәселені Оқу-ағарту министрлігі шешуі керек.

«Егер оқулықтар әзірден жиналып алып жатса, бұл сұрақты маған емес, Оқу-ағарту министрлігіне қою керек. Әріптестерім мәселелерді дер кезінде шешіп жатқанына сенімдімін», деді Асхат Аймағамбетов

Ол саяси жұмыста министр немесе басқа мемлекеттік қызметкер ретінде барлығына ұнайтын шешімдерді қабылдамауы керек екенін айтты. «Олай болса, ол тек популизм», деп атады ол.

«Ұнамайтын, мүмкін қазір түсінбейтін, бірақ елге, мемлекетке, балаларға қажет шешім болса, оны ұнамаса да, қабылдай білу керек. Мысалы, біз мектеп директорларының жұмыс істеу мезімін 5 жылмен шектедік. Бұл директорларға ұнады деп ойлайсыз ба? Әрине ұнамайды. Мысалы, біз ЖОО бітіріп, мұғалім болғысы келетіндерге «Енді мектепке тұру үшін диплом ғана емес, өз пәнің бойынша тест тапсыр», дедік. Оқу бітірген маманның 90%-ы тестілеуден өте алмады. Соған байланысты біз 50-ге жуық университеттің лицензиясын алып алдық. Бұл —  университетке де, онда оқыған түлектерге де ұнамайтын шешім. Бірақ бұл шешім керек пе? Керек. Егер сол шешімді қабылдай тұрып, жұмыстан кетуге мәжбүр болсаң, сонда да қабылдау керек. Менің ойымша, бұл тәсіл өте маңызды және біз осындай шешімдер қабылдауға тырыстық», деп ойын аяқтады  Аймағамбетов.

«Шымкентке келсең көретін күнің осы»: Белігілі заңгер Айгүл Орынбек қала әкіміне шүйлікті
«Мені ер адамдар түсінеді, өте соблазнительно»: Белгілі дінтанушы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу