Қазақстанда ЛГБТ-ның кәмелетке толмағандарға әсері зерттеледі

Oinet.kz 08-05-2025 32

Петиция шеңберінде Мәдениет және ақпарат министрлігі ЛГБТ-ның кәмелетке толмағандарға әсерін анықтау үшін әлеуметтік зерттеу жүргізу мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_13.jpg

Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаевтің депутаттарға берген жауабына сәйкес, бүгінгі таңда петиция шеңберінде Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік зерттеу жүргізу мәселесін пысықтап жатыр. 

Ұйымдастыру рәсімдері аяқталған соң жұмыс барлық мүдделі тараптардың қатысуымен жалғасады. Зерттеу нәтижелері депутаттық корпуспен, қоғамдық бірлестіктермен және сарапшылармен бірлесе отырып, талқыланады, – делінген жауапта.

МОНИТОРИҢ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Жауапта сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты талдау және ақпарат орталығында әлеуметтік желілерге мониториң жүргізетіні хабарланған. Интернет желілеріне мониториң барысында баланың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін материалдарды (суицидті насихаттау, порнография, қатыгездік пен зорлық-зомбылық және т.б.) анықтауға ерекше назар аударылады.

Заң бұзылған факітелір анықталған кезде БАҚ иелеріне ескертулер жолданады. Еленбеген жағдайда материалдар сот шешімі бойынша бұғатталады. Егер материалдарда қылмыс белгілері болса, дәлелдемелер (сілтемелер, скриншоттар) тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданады. Есепті мерзімде Facebook-тің онлайн-платформаларында интернет желісінің мониториңі барысында 7179 құқықбұзушылық анықталды («Facebook» - 87, «Instagram» - 862, «Mail» - 27, «Youtube» - 74, «Вконтакте» - 2129, «Одноклассники» - 7, «Телеграм» - 3 978, «Tiktok» - 15). Онлайн-платформаларға заң бұзушылықтарды жою шараларын қабылдау және құқыққа қарсы материалдарды жою бойынша 339 ескерту хат пен хабарлама жолданды, – делінген жауапта.

Көшербаев аталған жұмыс үнемі жүргізілетінін хабарлайды.

ПЕТИЦИЯ

Былтыр ЛГБТ қозғалысына қарсы петицияны 29 мамырда қоғам қайраткері Бағила Балтабаева бастаған еді. Петиция бірнеше күн ішінде қарауға қажетті 50 мың дауысты жинап үлгерген. Осыдан кейін министр Аида Балаева ЛГБТ-ға қарсы петиция бойынша қандай шешім шыққанын айтқан еді. Оның алдында “Феминита” Астанада ашық және жасырын ЛГБТ насихатына қарсы петициямен күресті талқылаған.

Ғасыр белесін бағындырған батыр
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу