Петропавлдағы Назарбаев мектебінде оқушы 3 қабаттан құлап кетті
17 ақпан күні түн ортасында Петропавл қаласындағы Назарбаев Интеллектуальная школа ғимаратында қайғылы жағдай орын алды. 18 жастағы 12-сынып оқушысы үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп жазады Оinet.kz.

Зардап шеккен жасөспірім жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, бастапқыда жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлер оған «политравма, екінші бел омыртқасының III дәрежелі жабық компрессиялық сынуы және екі өкше сүйегінің ығысусыз жабық сынуы» деген алдын ала диагноз қойған. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гульнар Калиева мәлімдеді. Қазір оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып, травматология бөліміне ауыстырылған.
Мектеп әкімшілігі оқушының жарақат алғанын растады, алайда оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз екенін хабарлады.
Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Оқушының түн мезгілінде мектеп ғимаратында не себепті болғаны, бұл жазатайым жағдай ма әлде суицид әрекеті ме, әзірге белгісіз. Тергеу нәтижесінде тиісті процессуалдық шешім қабылданады дейді мамандар.


