Жамбылда сарбаз өлімінен кейін рота командирі қамауға алынды

Oinet.kz 18-02-2026

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметшінің қазасына қатысты іс бойынша №21450 әскери бөлімінің рота командирі ұсталды. Бұл туралы Оinet.kz порталы Informburo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

image.png

Ведомство мәліметінше, 29 қаңтарда ІІМ-нің Әскери-тергеу департаменті Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 453-бабы («Қызметке салғырт қарау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Тергеу барысында рота командирі ұсталып, сот оған бұлтартпау шарасы ретінде әскери қызметшіні бөлім басшылығының бақылауына беру түрін таңдаған.

Еске салайық, қаңтар айында №21450 әскери бөлімінде 2007 жылы туған мерзімді сарбаз Еркебұлан Рүстемұлы қаза тапқан. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мәліметінше, ол қарумен жұмыс істеу кезінде өлімге әкелген жарақат алған.

Оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің басшысы барған. Тергеу барысы жеке бақылауға алынған.

Петропавлдағы Назарбаев мектебінде оқушы 3 қабаттан құлап кетті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу