Жамбылда сарбаздың жағын сындырды деп айыпталған сержант күтпеген мәлімдеме жасады

Oinet.kz 19-02-2026

Жамбыл облысы аумағындағы Гвардейск гарнизонында болған оқиғаға байланысты құзырлы органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін ресми қорытынды жарияланған жоқ, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Бұған дейін әлеуметтік желілерде үш сержант бір сарбазды ұрып-соғып, жағын сындырып, оны үйде қамап ұстады деген ақпарат тараған еді. Алайда кейінірек оқиғаның басқа қыры белгілі болды. Жаңа мәліметтерге сәйкес, жанжал екі сарбаздың өзара төбелесінен туындаған. Яғни, сержанттардың қатысы болмағаны айтылуда.

Аты аталған сержант Айдын Сайланұлы видеоүндеу жасап, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Оның сөзінше, әлеуметтік желілерде тараған «темірмен ұрды» деген айыптаулар шындыққа жанаспайды.

«Бала кезден әскери қызметкер болуды армандадым. Сол мақсатқа жетіп, әскери оқуға түсіп, осы жолды таңдадым. Қазір мені және басқа сержанттарды сарбаздың жағын сындырды деп кінәлап жатыр. Бірақ бұл – жалған ақпарат. Оқиға екі сарбаздың арасында болған. Айтуларынша, жағдай кешкі 17:00 шамасында орын алған. Ал мен сол күні сағат 10:00-де кезекшілікті тапсырып, үйге кеткенмін. Мұны бейнебақылау жазбалары арқылы дәлелдеуге болады. Менің арым таза, маған жала жабылып жатыр. Қазір тексеріс жүріп жатыр, әділ шешім қабылданады деп сенемін», – деді ол.

Жамбылда сарбаз өлімінен кейін рота командирі қамауға алынды
Таразда оқушы қызды ұрламақ болғандардың кім екені белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу