Қазақстан азаматы Ресей жағында соғысқаны үшін сотталды

Oinet.kz 25-02-2026

Солтүстік Қазақстан облысының 25 жастағы тұрғыны Евгений Люфт шетел аумағындағы қарулы қақтығысқа заңсыз қатысқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Оinet.kz.

 image.png

Сот оны Қылмыстық кодекстің 172-бабы бойынша кінәлі деп таныды. Тергеу мәліметінше, 2025 жылдың ақпанында ол Петропавл қаласынан Ресейге жұмыс іздеп кеткен. Мәскеуде «СВО»-ға еріктілер жинаушылармен танысып, Ресей азаматтығы мен әлеуметтік уәделерге сеніп, келісімшартқа отырған.

Ол Нижний Новгородте дайындықтан өтіп, Ресей Қорғаныс министрлігімен бір жылдық келісімге қол қойған. Кейін Луганск пен Бахмут маңында Украина Қарулы күштеріне қарсы соғыс қимылдарына қатысқан.

Сәуір айында жарақат алып, емделгеннен кейін әскери бөлімді өз еркімен тастап, Қазақстанға оралған. Елге келген соң шекарашылар оны ұстады.

Сотта ол өзін Ресей азаматымын деп санағанын айтқанымен, сот оның сол уақытта Қазақстан азаматы болғанын анықтады. Дәлел ретінде шекара деректері, Ресей паспортының 2025 жылғы 27 маусымда ғана берілгені туралы мәліметтер және өзге айғақтар ұсынылған.

Нәтижесінде сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Енді камералар жаяу жүргінші мен темекі шегушілерге де айыппұл салады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу