Мектептік жүйеге қалай үйренісуге болады?

Oinet.kz 26-02-2019 902

464-1476212526-2b2bca8008.jpg

Психологтар оқу жылының басы оқушылар мен ата-аналар үшін қиындыққа толы екенін, уайымсыз өтпейтінін айтады. Әсіресе, басындағы бір-екі айда балалар жазғы демалыстан кейін «жаңа жүйеге» үйренгенше біраз қиналады.

Таңғы қарбаласты қалай жеңілдетуге болады?

1. Алдын ала құнарлы таңғы асын дайындап қойыңыз

Қарыны тоқ бала жаңа тақырыпты тез меңгереді. Таңғы ас ішуге 15 минут уақыт бөліңіздер.

• Балаңызға кешкі тамақтан ысытып беріңіз.

• Жатар алдында жұмыртқа пісіріп қойыңыз.

• Егер балаңыз таңертең ештеңе жемейтін болса, мектепке барғанда жеп алатындай тамағын дайындап сөмкесіне салып беріңіз.

2. Киім-кешегі дайын тұрсын

Таңертең киім іздеп, оны үтіктеп жүру көп уақыт алатынын ұмытпаңыз.

• Мектеп формасын алдын ала дайындап қоюды әдетке айналдырыңыз.

• Кейде біздің дайындаған киімдеріміз балаларымызға ұнамай жататындықтан, таңертеңгі уақытты киім іздеумен жоғалтпау үшін олардан не киетіндерін нақтылап алғаныңыз дұрыс.

3. Күнтізбеге қарауды әдетке айналдырыңыздар

Күнтізбе – мектепке баратын балаңыз үшін ғана емес, өзіңіз үшін де өте керек нәрсе.

• Балаңызға әр кеш сайын күнтізбеге қарап отырып, ертеңгі күнге мұқият дайындалуды үйретіңіз. Осылай дағдыланған бала таңғы алтын уақытын жүгіріп ұмытқан затын іздеуге жоғалтпайды.

4. Тұратын уақытыңызға сағат тілін тарылтып қоюды ұмытпаңыз

Балаңызды өздігімен тұруға дағдыландырыңыз.

• Бұл оның таңғы уақытын үнемдейді. Сіз де «балам кешігіп қалар ма екен?» деп уайымдамайтын боласыз.

5. Үнемі қолданатын заттарды арнайы бір жерге қойыңыз

Күнделікті қолданатын заттар, яғни жол жүру билеті, үйдің кілті, телефон, т.с.с..

• Шығаберісте осындай бір бұрыштың болғаны дұрыс. Айталық, кішігірім себет іліп қойыңыз немесе кішірек қорап қойып қойыңыз. Мектепке шығып бара жатқан баланың көзі түсетін жерде болғаны абзал. Балаңыз үйге кіргенде әлгі қорапқа кілтін немесе қоғамдық көліктерде жол жүру билетін салып қоюға, ал шығарда сол жерден алуға дағдылансын. Сонда ол керек-жарағы әр киімінің қалтасында қалып, іздеп уақыт кетірмейсіздер. 

Дереккөз : anabol.kz

Неге жігіттер маған үйленуге ұсыныс жасамайды?
Көпшілік жерде тамақ ішу мәдениеті қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу