Көпшілік жерде тамақ ішу мәдениеті қандай?

Oinet.kz 26-02-2019 1329

375-1476212619-4cbda94510.jpg

Үстел басында отырғанда түзу отыруды басты назарға алыңыз. Орындыққа толықтай отырып, жайланып алыңыз. Қолыңыз жинақы тұрсын. Егер қолыңызды қайда қоярыңызды білмесеңіз, тізеңізге қойсаңыз болады. Дастархан басында отырғанда шынтақты үстелдің үстіне қою өзгелерге  ыңғайсыздық тудырады. Сондықтан, білегіңізді ғана үстелдің шетіне қойғаныңыз дұрыс. Тамақ беріп бастаған кезде қонақтардың барлығына қызмет көрсетіліп болсын, содан соң ғана  шанышқы-қасығыңызды қолыңызға алыңыз.  Немесе  үй иесі «ас ішуді бастаңыздар» дегенде ғана қонақтарды күтпей тамақ іше беруге болады.  Ал тамаққа қолыңыз жету үшін қаншалықты жақын отыру керек?  Сізге тамақ жақын тұрмаса көршіңіздің үстінен еңкейіп алудың қажеті жоқ. Жай ғана «алып бересіз бе» деп  өтініңіз, және ризашылығыңызды білдіруді ұмытпаңыз.

Алдыңыздағы құралдардың орналасу тәртібіне назар салыңыз.

Тәрелкенің сол жағында тұрған шанышқылар сол қолға, оң жағындағы пышақ оң қолға ұсталады. 

Пышақты әдетте оң қолға ұстайды, пышақ сабының төменгі жағы алақаныңызға келіп тірелуі керек. Сұқ саусағыңызбен пышақтың қырын ұстаңыз. 

Майлықтарды пайдалану ретін біліңіз.  Дастарханда әр адамға берілетін мата майлықты  екі бүктеп тізеңізге қойып қоясыз. Егер ас ішіп отырып орныңыздан тұратын болсаңыз, мата майлықты бүктеп, алдыңыздағы тәрелкенің оң жағына, тәрелке жоқ болса соның орнына қою керек.   Ал аузыңызды сүрту үшін қағаз майлықтарды қолданғаныңыз жөн. Ас  ішкенде  жаныңызда отырғандарға естілмейтіндей болсын.Және ас шайнауыңыз да, стаканды көтеріп, қасық-пышақ ұстағаныңыз да әдемі болуы керектігін есте сақтаңыз.

Дереккөз : anabol.kz

Мектептік жүйеге қалай үйренісуге болады?
Сөйлейтін қарға туралы білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу