Тоқаев тапсырмаса, Әйтенов мәселе шешпей ме?

Oinet.kz 18-02-2022 1284

OINET.KZ - Соңғы уақытта Шымкенттің әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы елді мекендерді жиі аралап, халықпен кездесіп жүр. «Қызметінен кетеді» деген әңгіме шыққалы үшінші мегаполистің әкімінде тыным жоқ. Бірақ бұл Әйтеновтың жеке бастамасы емес, Президент әкімшлігінен келген тапсырмаға ұқсайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырда әкімдерге арнап шығарған жарлығына сәйкес бұдан былай мегполистің әкімдері әр тоқсанның басында қаладағы аудандарды аралап, халықпен кездесуі тиіс. Тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, қордаланған мәселелерді шешуі керек. 

Screenshot_5.jpg

23 қаңтарда Мұрат Әйтенов  қаладағы  Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ тұрғын алабының тұрғындарымен кездесіп, инфрақұрылым мәселесін талқылаған болатын. Аталған елді мекенде  8 мыңнан аса адам тұрады. Арада бір айға жуық уақыт өткеннен кейін қалалық әкімдік Қайнарбұлақтағы қордаланған мәселелер туралы ақпарат таратты.  

-Тұрған алабтағы электр жарығы – бүгінде 100 пайыз жекеменшік жарықпен қамтылған. Мемлекеттік бағаналар орнату жұмыстары өткен жылы басталған. Осы жылдың соңына дейін толық мемлекеттік сапалы электр жарығына қосалатын болады. Ауыз су – тұрғындар ауыз суды жекеменшік жүйеде тұтынады. Мемлекеттік ауыз су кіргізу үшін өткен жылы ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өтті. Биыл құрылыс жұмыстары басталып, 2023 жылы аяқталады. Табиғи газ – тұрғын алап табиғи газбен қамтылмаған. Өткен жылы ЖСҚ әзірленді. Мемлекеттік сараптамадан наурыз айында қорытындысы алынады. Биыл құрылыс жұмыстары басталып, 2023 жылы аяқталады. Жол – мұндағы 83 көшенің 18-і асфальтталған, 35-і тас жол, 20-ы топырақ жол. 2021 жылы 20 шақырым топырақ жолға шағал тас төселді, 2022 жылы 15 шақырымға шағал тас төселеді. Асфальттау жұмыстары 2023 жылы жаңақұрылыс аумағында инфрақұрылым жүйелері аяқталған соң қолға алынбақ,-делінген әкімдіктің ресми сайты таратқан мәліметте. 

Screenshot_3.jpg

Осындай масқара статистикадан кейін Әйтеновтың жұмысына не айтуға болады? Жарық пен ауыз су 100 пайыз жекеменшік. Бұл дегеніңіз аталған коммуналдық қызметтерді тұрғындар қалталарынан ақша шығарып, өз күштерімен кіргізген және ол ешқандай  талаптарға жауап бермейді деген сөз. Көгілдір отын атымен жоқ. 83 көшенің 18-і ғана асфальттелген. Сегіз мың халық тұратын шағын ауданның қазіргі күйі міне, осы. 

Абырой болғанда атқамінелер мемлекеттік жарықты биыл іске қосамыз деп отыр. Ауыз су келесі жылы шешілсе жақсы, ал газдың жыры әлі біразға созылатын сияқты.   Қайнарбұлақтағы инфрақұрылым мәселесін осы уақытқа дейін шешуге не кедергі болды? Оны шешу үшін соншалықты көп қаражат қажет пе еді? Ақшаны ойын-сауықтар мен мерекелік іс-шараларға жүз миллиондап шашатын шымкенттік шенеуніктердің тірлігіне бұдан кейін қалайша қарныңыз ашпайды?!

Screenshot_4.jpg

Президент Тоқаев Шымкенттің әкімдеріне бірінші кезекте елді мекендердің инфрақұрылым мәселесін шешуді осыдан екі-үш жыл бұрын тапсырған.  Бізде сол баяғы әдет, президент тапсырмаса, арнайы жарлық шығарып жүктемесе, өздігінен ештеңе шешілмейді.

Назарбаев Ли Куаннің ақылын неге тыңдамады?
Түркістандағы былық. Балық басынан шіруі адам өліміне ұласты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу