Су жаңа мектеп 2 айда тоза бастады

Oinet.kz 07-03-2009 833

1.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысындағы былтырғы топан судан кейін жаңадан бой көтерген білім ұяларының сапасы арада ай өтпей жатып сыр бере бастады. Құрылыстың тым асығыс және шала-шарпы атқарылғаны сонша, бұл мектептерде шәкірттер биылғы оқу жылының өзін аяқтай алмайтын түрі бар. 

Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің ұстаздары мен шәкірттерінің қуанышы  ұзаққа созылмады. Табиғат апатынан кейін қайта қоңырау соғылғанына небәрі екі айдың жүзі болған білім ұясының ғимараты қазір шетінен қирап жатыр.  Мектеп директоры Еркінбек Ешанқұловтың айтуынша едендегі линолиум төсеніш  ісініп, кей тұсы жыртыла бастаған. Қабырғалар көгеріп, жауынды күндері шатырдан су өтеді. Терезелерден жел ысқырып тұр. Ешкімнен қайран болмаған соң мектеп ұжымы бүлінген жерлерді енді өздері жөндеп жатыр. Жалпы былтырғы табиғат апатынан  Сарыағаштағы 5 бірдей мектеп топан су астында қалған болатын. Бас-аяғы 5-6 айдың ішінде соның үшеуі қайта тұрғызылды. Сол кездегі тірліктің асығыс болғанын қазір мамандардың өздері де мойындап отыр. Құрылысшы Қапалбай Ахметов «мұндай ірі  нысандар 12-18 ай мерзімде салынып бітуі тиіс. Бірақ мұндай талап мүлдем орындалмады» дейді. 

Енді тексеруге прокуратура қызметкерлері кіріспек. Кемшілік анықталса, құрылыс компанияларымен қоса сапасыз ғимаратты  қабылдап алған арнайы комиссия мүшелерінің де мәселесі қаралады. 

Ғани Қалмаханов,

«Қазақстан» ұлттық арнасының меншікті тілшісі

«Көшпенді» кадр, «көшпенді» команда... қажет пе?
Масылдық пен батылдықтың арасы алшақтап тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу