Бабалар өсиеті

Oinet.kz 06-09-2020 1075

Атың жаман болса,

Ішіңде арманың кетеді.

Балаң жаман болса,

Дəрменің кетеді.

Қатының жаман болса,

Үйіңнен мейманың кетеді.

Мейманыңмен бірге,

Иманың кетеді.

Жаман болса- жақын жау,

Шайпау болса- қатын жау.

Шабан болса- атың жау,

Тартыншақ болса- түйең жау.

Тебеген болса- биең жау,

Жымысқы болса- жиен жау.

Тіл алмаса- ұлың жау,

Арсыз болса-  қызың жау.

Алған жарың жақсы болса,

Ат үстінде дүбір ет!

Алған жарың жаман болса,

Үйге кіріп, сыбыр ет!

Жігіттіктен не пайда,

Ат мінбесең қатырып,

Жау жеңбесең жапырып.

Қырмызы киіп, қыз құшып,

Басыңдағы дəуренді,

Өткізбесең сыпырып.

Көшер кезде түйе азады,

Жетімдік көрсе, қыз азады.

Ел қиыншылық көрсе,

Тағындағы хан азады,

Табындағы бие азады.

Қара жерді жамандама,

Кіретұғын көріңді.

Қауым жұртты жамандама,

Көп табады.мініңді.

Білгендерді жамандама,

Басшы болған піріңді,

Жұмаққа жол табарсың,

Құрметтеп бір-біріңді.

Тентек көпке тоқтайды,

Жомарт жоққа тоқтайды.

Асыл қынға тоқтайды,

Арлы шыңға тоқтайды.

Жетеумін деп мақтанба,

Сегіз шықса, қайтесің.

Сегізбін деп мақтанба,

Тоғыз шықса, қайтесің.

Тоғызбын деп мақтанба,

Алдын-артын білмейтін,

Доңыз шықса, қайтесің!

Бөксемнің дырдай болуы-құтым көп,

Басымның  дырдай болуы-ақыл көп.

Белімнің қылдай болуы-қанатым көп!- дейді екен, құмырысқа дүние қоңызға.

Қарапайымдылық туралы эссе
Әйел қуанса әлем қуанады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу