Өлген есектен 998 доллар пайда көрген шаруа

Oinet.kz 07-09-2020

Есек.jpg

 Мойша бір кәрі шаруадан жүз долларға есек сатып алады. Шаруа есекті келіскен жерге әкелуге тиіс болатын. Келіскен уақытта ол уәделескен жерге есексіз жалғыз келеді.

 -Кешір, қарағым, есегім өліп қалды,- деді қария мұңайып.

 -Онда менің жүз долларымды қайтарыңыз!

 -Мүмкіні жоқ. Мен оны кеше-ақ жаратып қойып едім.

 -Жақсы. Онда маған есектің өлексесін қалдырыңыз да жүре беріңіз.

 -Ей, өлген есекті не істемексің,- деп сұрады ақсақал.

-Мен оны лотореяға ойнатамын.

 -Сонда өлген есекті қайтіп лотореяға ойнатпақсың?-деп сұрады таңқалған шал.

 -Ал мен оның о дүниелік болғанын ешкімге айтпаймын,- деді Мойша.

 Бір айдан соң екеуі жолығып қалады.

 -Өткендегі өлі есекті не қылдың?-деп сұрады шаруа Мойшадан.

 -Мен оны айтқанымдай лотореяға ойнаттым. Екі доллардан бес жүз лоторея таратып   998 доллар таза пайда көрдім-деді.

 -Сонда не, ешкім қарсы шыққан жоқ па?

 -Болды, жалғыз ұтқан жігіт ол қатты ренжіді.

 -Сонда сен не істедің?-деп ынтықты қария.

 -Мен оған берген екі долларын қайтарып бердім!

Туған жер туралы тақпақ. Туған жер көркін сыңсыған
Өте ақылды әйел туралы мысал


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×