​Қадыр Мырза Әлі. Махаббат па?

Oinet.kz 08-09-2020 1489

Махаббат.jpg

Махаббат па?

Таныс ауыл біз барған:

Көресіні көрдік ыстық, ызғардан...

Құтылам деп сенсеңіздер (әй, қайдам!).

Қашыңыздар, уа, жігіттер, қыздардан!

Мен де қаштым. Қашып жүріп түңілдім.

Бас сауғалап, жүректерге үңілдім.

Жоқ, болмады.

Болмаған соң ақыры

Бір қыздың кеп құшағына тығылдым!

Қадыр Мырза Әлі

Күз, қыз туралы өлең. Жыр жазамын өзіңізге неше әлі
Сен күлесің. Махаббат туралы өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу