Сен күлесің. Махаббат туралы өлең

Oinet.kz 08-09-2020 11561

Махаббат.jpg

Мен орала бермеймін, өткенге көп. Кеткендерге айтатын, өкпемде жоқ. Кеудеме қанжар салдым, деп күлесің

Ол менің жүрегіме, жеткенде жоқ.

Сен күлесің, естелік, қалады деп.

Жүрегің жазылмайды, жаралы деп.

Сен ұқпаған жыр толы жүрегімді,

Жақында біреу емдеп алады кеп.

Сен күлесің, жылайсың күліп тұрып. Бүлдіресің барлығын біліп тұрып. Жанбайсың деп айтуың артық енді.

Мен қалайша өшемін үміт тұрып.

Жаңа сен жақсымын деп айталмадың. Қалаймысың өткенді қайтарғанын? Бақыттымын дегеніме сенбейсің бе?

Бір күні тура қарап айтам бәрін.!

Досбол Беласаров

​Қадыр Мырза Әлі. Махаббат па?
Мықты еркек қатаң ұстанатын 5 заң
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу