Кәмелетке толмағандар қате түсінікпен жыныстық әрекетке барады

Oinet.kz 17-07-2019 1222

Screenshot_18.jpg 

    Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл  жайт қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар жатады. Өкінішке қарай, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың ішінде нәпсіқұмарлық сипаттағы қылмыс та көптеп кездеседі.

          Осы орайда Жаңа технологиялар колледжінде «кәмелетке толмағандарға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы қылмыстың алдын алу» тақырыбында проруратура органдары қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.  Жиынның мақсаты : Жастарды  Ата заңмен, тағы да басқа құқықтық нормативтік актілерді орындауға, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу, Құқықтық мемлекетте заң рөлін студенттер санасына жеткізу, білдіру, үйрету. Жыныстық азғындықтан туындайтын қылмыстық әрекеттерден, кәмелетке толмағандарға қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы қылмыстың алдын алу болып табылады. 

          Студенттермен тілдескен Әл Фараби аудандық прокуратурасының қызметкері Лаура Жақыпова жастарға жыныстық қылмыстық құқық бұзушылыққа барғандарды қандай жаза күтіп тұрғанын түсіндірді. «Кез-келген қылмыс жабулы күйінде қалмайды. Кәмелетке толмағандар  қате түсінікпен жыныстық қылмыстық әрекетке барып жатады. Алайда бұл әрекетімен өзінің және жәбірленушінің, сондай-ақ ата-анасының өміріне дақ түсіріп отырғанын сезіне бермейді. Көбісінде қылмыстан кейін «мен кәмелет жасына толмағанмын, заң маған не істей алар дейсің» деген қате пікір қалыптасады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, яғни 120,121,122,124 бабында кәмелетке толмағандарға да қатаң жаза тағайындалған. Жас кездегі аңдамай басылған шалыс қадам сіздің бүкіл өміріңізге кесірін тигізеді.Істі болған адам мелекеттік органдарға жұмысқа тұра алмайтынын ұмытпаңыздар. Сондықтан сіздердің қазір бар мақсаттарыңыз ата-аналарыңыздың үмітін ақтап, оқу оқып, болашақта жақсы маман болу»,- дейді ол. Ал колледждің психологы Шолпан Исламханованың пікірінше кәмелетке толмағандардың мұндай қылмысқа баруының бірден-бір себебі жастардың бос уақытын тиімді пайдалана алмауы және ата-ана тарапынан жіті бақылаудың болмауы.

        Кездесу барысында жастар ойларын ашық білдіріп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын мамандарға қойды. Сондай-ақ студенттер дайындаған бейнеролик көпшілікке ой салып, жат қылықтардан аулақ болуға үгіттеді.  

Мұрағаттан, 2016 ж

Наурыз тойы бұқаралық сипат алды ма?
Бір тал кессең, он тал ек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу