Еден жуушы карантиннің арқасында өзін қорлағандардан кегін алды

Oinet.kz 13-05-2023 1936

8 наурыздың алдында күйеуім бір күн бұрын базарда күзетші болып жұмыс істеп жүріп, мәшиненің қасынан кошелек тауып алады. Өйтіп-бүйтіп егесін іздестіріп, кошелегін қайтарып береді. 

Screenshot_11.jpg

Жасы елуге жақындап қалған еркек екен. Күйеуіме алғысын айтып, қолына 50 000 теңге ақша береді. Сол күні қуанғанымызды көрсеңіз ғой. Пәтердің ақшасын төледік те, ол маған: «Жаным, оңай жерден келген ақша ғой, сен мына ақшаға үстіңе бір көйлек алып киіп, салонға жұрттың қатындары сияқты барып әдеміленші» деді. Әйел емеспін бе, қуанып кеттім.. Өмірімде бір салонға барып ақша жаратпаппын. Үй- жұмыс, одан қалды бала-шағадан тапқан ақшамыз артылмайды. 

Содан ертеңіне базарға барып үстіме көйлек алайын деп шарқ ұрдым. Ұнамады ешқайсысы. Болмағаннан соң жанындағы Адемге барып, ұнатқанымды алайын дедім. Мерекенің алды болғаннан соң, Әйел деген көп. Бір кезде менде әдемі көйлекті киейін десем, сатушы қыз үсті-басымды сүзіп қарады да: «Қайда барасың?» деп ұрсып сала бергені. Тосылып қалдым да: «Мынаны киейін деп едім» деп күмілжідім. «Ол қымбат көйлек! Ақшаң жетпейді! Лучше не мешайте нам!» деп қатты сөйледі. Тамағыма бір нәрсе кептеліп қалғандай болдым да, үндемей есіктен шығып кеттім. 

Тағы бір бутикке кіріп ұнатқанымды алайын десем «Бұл турецкий, бір тиын түсе алмаймын» деді менсінбей қарап. Салым суға кетіп салонға бардым. Ең құрығанда күйеуімнің берген ақшасына тырнағымды түзеп, шашымды бояйын десем, салондағылар маған үрке қарайды. Үстімдегі тозығы жеткен пальтома менсінбей: «Бүгін біздің қыздар бос емес!» деп дүңк еткізді. Сән салонынан шықтым да, өксіп-өксіп жылап жібердім. Үйге келіп, балаларым алдымнан шыққанында барлығын ұмытып кеткендей болдым. Күйеуім: «Қане, көрсетші көйлегіңді» деді көздері бал-бұл жайнап. 

Мен:«Қойшы сол көйлекті, онанда бұл ақшаны ырымдап ұстайық» деп жымиып қана күлдім. Ертесіне екеуіміз алғаш рет балалармен киноға бардық. Жұрт секілді мәз болып қайттық. Енді карантиннің кезінде, жұмысқа бара жатқанымда, сән салондарының қасынан өтіп бара жатып, өлі тыныштықты көрдім. Базарлардың бәрі жабылып, мені менсінбеген сатушылар жұмыссыз қалғанын көргенде, іштей:

«Е Алла, бар екенсің ғой, бәрімізді теңестірдің ғой, қазір бұлар үйлерінде жұмыссыз отыр, ал мен еден жуушы болсам да жұмысым бар, Алла осы балаларымның несібесінен айыра көрме!» деп күбірлеп өттім. Карантин бай мен кедейді теңестірді. 

Дүние алма кезек деген осы екен ғой. Карантин бәріне сабақ болды. Аспандап кеткен бизнесмендер жерге түсті!

Жас кезінде отбасын тастап кеткен ақсақалдың тағдыры елді жылатты
Адамдардың өмірде көп жіберетін 5 қателігі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу