Түркістан: Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде соғыс ардагерлерінің ұрпақтары еңбек етуде
Жеңіс күні – барша халық үшін қасиетті, тарихи маңызы ерекше мереке. Бұл күн – ата-бабаларымыздың ерен ерлігі мен тылдағы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Талқанбай КОПБОСЫНОВ
(Сурет 1943 жылы Орынбордағы әскери ұшқыштар даярлайтын Чкалов атындағы №1 училищені бітірген кезде түсірілген)
Жылдар өтсе де, майдан даласында мерт болған ерлердің рухы мен бейбіт өмір үшін жанын қиған жандардың есімі ұрпақ жадында жаңғырып келеді.
Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде де ата-бабасы Ұлы Отан соғысына қатысқан қызметкерлер аз емес. Олар – отанға қызмет етудің үлгісін өз әкелерінен, аталарынан көріп өскен азаматтар. Әрқайсысы өз жұмысында адалдық пен жауапкершілікті ту етіп, мемлекеттің қаржы тәртібін қамтамасыз етуге үлес қосып келеді.
Департаменттің сәйкестік аудиті бөлімнің бас маман-мемлекттік аудиторы Нурлан Тажибаевич Копбосынов – майдангер ұшқыш Талқанбай Копбосыновтың ұрпағы. Оның атасы Орынбордағы училищені 1943 жылы бітірген соң кіші лейтенант шенін алып, сол жылы соғысқа кіреда. Соғыстан кейін 1950 жылдары елге оралып, Арыс қаласында ішкі істер бөлімінде, кейін мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған.
– Талқанбай атам соғыстың алдында ұшқыш болуды армандайды екен. Содан 1940 жылы әскер қатарына қабылданып, Астраханьдағы әскери ұшақтарға қызмет ететін, техник мамандар даярлайтын әскери училищиге әскери ұшқыштар даярлайтын училище деп ойлап құжат тапсырады. Шамамен 7-8 айдан кейін бұл училищенің саласы басқа екенін біліп, өзінің әскери ұшқыш болғысы келетініт айтып, училище басшыларына рапорт жазады. Ол кез соғыстың әне-міне басталайын деп тұрғаны жұртқа белгілі болып қалған уақыт. Мемлекетке әскери мамандар даярлау қажет болып тұрған кезең. Талқанбай атамның рапорты іздегенге сұраған болып, училище басшылары Орынбордағы әскери ұщқыштар даярлайтын Чаклов атындағы №1 училищеге жолдама береді. Орынбордағы училищеге жолдама береді. Содан 1943 жылы училищені бітірген атам, кіші лейтенант шенін алып сол жылы соғысқа кіреді. Талқанбай атамның бір естелігі естен кетпейді. Соғыс Альпі тауларында жүріп жатқан атам бағындырған ұшаққа снаряд тиеді. Атам ұшақтан секіріп түсіп әудем жер ұзағанда ұшақ та жарылып, отқа ораныпты. Атам «жерге құлдилап бара жатқанда ақ шапан, ақ бөрік киген Барбосын бабам көзім көрінді. Сол баба әруағының арқасында тірі қалдым» деп отыратын. Атам елуінші жылдары елге оралып, Арыс қаласында Арыс қаласында ішкі істер бөлімінде, кейін мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған. 1981 жылдың қазан айында 59 жасында өмірден өтті. Атамның ерлік рухы мені де елге қызмет етуге жетеледі, – дейді Нурлан Тажибаевич Копбосынов.
Бүгінгі бейбіт өмір – сол бабаларымыздың жанқияр ерлігінің жемісі. Ендеше, олардың ұрпақтары ретінде біз де мемлекеттің дамуына, қоғамның тұрақтылығына, әділеттілік пен заңдылықты қамтамасыз етуге күш салуға тиіспіз. Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері осы жолда аянбай еңбек етіп келеді.
Соғыс ардагерлерінің ұрпақтарының осы ұжымда еңбек етуі – Департамент ұжымы үшін үлкен мәртебе. Ерлік пен еңбекке деген құрметтің осындай нақты үлгісі ұжымдастық рухты нығайтып, жас буынға үлгі болады.
Ардагер ұрпағы болу – мақтаныш қана емес, зор жауапкершілік. Бұл
жауапкершілікті сезіне отырып, ұжым қызметкерлері ел игілігі үшін сапалы әрі адал қызмет атқаруды басты мақсат санайды.
Түркістан облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті