Неге шошқа етін жеуге болмайды?

Oinet.kz 03-10-2019 5055

шошқалар.jpg

Халықтың көбі әлі күнге дейін ненің адал, ненің арам екенін, ненің күнә, ненің сауап екенін мүлдем білмейді екен. Қандай күнәға батқанын сезбей, жесір әйелге барып қайтқанын сауабын алып қайттым деп мақтанып жүрген дүмшелер де көп арамызда. Шошқаның саласы мен еті араласқан нәрсені құшырлана жейтін аурудан да айыға алмай келе жатырмыз. «Не жесең, соған тартасың» деген сөз бар еді ғой. Мүмкін халқымыздың болмысы бұзылып, жаман жолға түсіп кеткені де осыдан шығар, кім біледі?! Бір супермаркетте шошқаның еті мен қазы-қартаны бірге қойыпты. Екеуі бір-бірімен араласып жатыр. Қалай мәңгүрттеніп кеткенбіз, ә?! Әйтпесе, жылқы деген текті жануар еді ғой, судың да тұнығынан барып ішетін. Шошқаның етімен қатар тұрғаннан кейін онда қандай қасиет қалады, айтыңыздаршы? Төменде мен шошқаның етіне неге жолауға болмайтынының бірнеше себебін айтып өтемін. Біліп жүріңіздерші...

1. Шошқаның еті мен адам еті (идентичный) бірдей.

2. Шошқаның етінен қырыққа жуық жазылмайтын ауру жұғады.

3. Дұрыстап дәрет сындыра алмайды шошқа. Сұйық дәреті терісі арқылы шығады көбіне. Еті сосын өз нәжісіне бөгіп тұрады. Харам (арам) дейтіні содан!

4. Өз анасына шабатын қасиетсіз хайуан.

5. Өз баласын жеп қояды.

6. Тамақ талғамайды. Жыбырлаған, қыбырлаған, жатқан нәрсе мен нәжіске дейін жейді.

7. Жыныстық қатынаспен ләззат алу үшін айналысатын жалғыз хайуан. Осының өзі адамды шошытуы керек..

8. Үнемі шошқаның етін жеген адамның іші құрттап кетеді.

9. Шошқаның етін жейтіндердің терісінен сасық иіс шығып тұрады.

10. Көзіне көрінгенннің бәрін жейтіндіктен, етінде паразиттер мен бактериялар көп.

11. Шошқаны сойғанда да оны арам өлтіріп барып сояды. Балталап, талдырып не жүрегіне пышақ сұғып барып қорс еткізе салады... Ондай етті қазақ өлексе дейді.

12. Шошқаның етін жеген адамның тәні тазарғанша дұғасы қабыл болмайды.

13. Шошқа басқан жерде намаз оқи алмайсың...

14. Шошқаның еті бар үйге, ит ұстайтын пәтерге періште кірмейді.

(c) Жолымбет Мәкіш

Перзентін көшеде қалдырғандар ана деген атқа лайық па?
Қазақтың жауы Ресей де, Қытай да, Бұхар да емес...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу