Жаңа Жыл жайлы. Шығарма

Oinet.kz 21-11-2019 1727

Қыс мезгілі келіп, қар жауған сәттен бастап біз асыға күтетін қуаныш пен шаттыққа толы мереке – Жаңа Жыл. Бәріміз бір ғажайыптың болатынына іштей сенеміз.

1.jpg 

Аяз Ата мен Ақшақарға арнап өлеңдер мен тақпақтар жаттап, сыйлық алғымыз келеді. Мереке жақындағаннан айнала құдды ертегі әлемі секілді қызыл-жасыл түсті жылытырақтарға боялғандай. Үйімізді безендіріп, шырша жасаймыз. Шыршаға арнап еңбек мұғалімі үйреткендей қолдан ойыншықтар істеп, шыршаға ілеміз. 12 жыл иесінің бетперделерін алып, биылғы жыл иесі – тышқанды ортаға іліп қоямыз. Дүкеннен әртүрлі отшашуларды алдын ала сатып алып, түнгі он екіден соң аспанға атамыз. Бұл бір әсем көрініс. Барша оқушылар бірігіп сыныпты әр түрлі шарлармен, жылтырақтармен безендіреміз. Бәрі көңілді, бәрі қуанышты. Мектепте Жаңа Жылдық концертте Аяз Атаға өлең оқып беріп,  тәтті шоколодтар салынған сыйлықтар алдық.

Үйде бәріміз мерекелік дастархан басында жиналып, бір-бірімізге әдемі тілектер айтып, қызықты оқиғаларды әңгімелесіп отырамыз. Жаңа Жылдың дәстүрлі киносы болып кеткен «Один доманы»  кішкентай балалар бірігіп, күліп отырып көреміз. Алыстағы туысқандарымызға хабарласып оларды да құттықтаймыз. Сағат түнгі 00:00-ге жақындағанда Елбасымыздың тілегін тыңдап, Жаңа Жылды қарсы аламыз. Отбасы татулығың арттыратындығы үшін мен бұл мерекені  жақсы көремін.

Қыс жайлы. Шығарма
Менің қысқы демалысым. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу