Менің қысқы демалысым. Шығарма

Oinet.kz 21-11-2019 13547

Қыс келіп, күн суытып, қар жауды. Айнала аппақ қарға оранған. Тоқсандық аяқталып, бәріміз қысқы демалысқа шықтық. Демалыстың басы Жаңа Жыл мерекесімен басталды. Отбасымызбен бәріміз бірге жаңа жылды қарсы алдық. Қуанышты әрі көңілді болды. Мектепке бармаған соң таңертең ұйықымды қандырып тұрамын. Далада балармен қар атысып ойнап, аққала жасаймыз. Мен шанамен арлы-берлі сырғанап, демалысымды көңілді өткізіп жатырмын.

zimnie-kanikulyi-2-640x384.jpg

Ата-анаммен ауылдағы әжемнің, туысқандарымыздың үйіне барып қайттық. Ауылда атқа мініп, сиырларға жем бердім. Сондағы достарымызбен кеш қарайғанша ауылдың сыртындағы сайда шанамен сырғанап, үстіміз су болғанша ойнадық. Демалыста сабақты ұмытқаным жоқ. Апайымыздың демалыста оқындар деп тапсырған кітапты оқып, аяқтадым. Өткен сабақтарды қайталап, өлеңдер жаттадым.  Анама үй шаруаларын жасауға көмектесіп, көп жұмысты үйрендім. Демалыста сыныптастарымды, апайымды қатты сағындым. Мен қысқы демалысымды қызықты әрі пайдала етіп өткіздім.

Жаңа Жыл жайлы. Шығарма
Жаңа жыл мерекесі жайлы. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу