Астана күніне арналған өлеңдер

Oinet.kz 24-10-2019 1311

Сан ғасыр бостан болар күнін күткен, 

Алаш ел биік бүгін білімді ұлтпен.

Талай шаһар бабалар салғаны анық, 

Тарих боп көне жұртта сырын бүккен. 

Астана күні.jpg

Таусылмас шежіресі,сірә,қатпар, 

Өткеннен сыр іздесең мұраны ақтар, 

Сыр бойында қорған боп жатқан жоқ па, 

Ескі астана-Жанкент шаһар,Сығанақтар. 


Қазақ өсті болмысы арға тұнған, 

Кешеден бүгінгіге жалғатып ән. 

Іздеген жан тарихтың табар ізін, 

Орынбор,Қызылорда мен Алматыдан. 


Өткенін танып ел де сүйінген-ді, 

Үйренді ұлт сол арқылы иілмеуді. 

Талайға тәлім берген заман көші, 

Арқада Астана боп түйінделді. 


Тәуелсіз боп іргесі қаланғасын, 

Белгілі елге ешкім сын таға алмасы. 

Бұл қаланың өзгеден жөні бөлек, 

Өйткені ол-Еркіндік Елордасы. 


Жүзеге асып Елбасы бастамасы, 

Мойындады ұлтымды дос та,қасы. 

Сарыарқаның төрінде-сәнді шаһар, 

Ол-Қазақтың Елінің Астанасы! 

авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласы

Елорда күніне арналған құттықтаулар
Конституция күніне арналған құттықтау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу