Әйел туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 06-12-2019 3248

Асыл әйел - әрі еркек, әрі қатын.


Инабатты болса - әйел,

Өнегелі болса бала көрікті.


Еркекке жүрек керек,

Әйелге тірек керек.


Жақсы қатын жаман еркекті адам етеді.

әйел туралы мақал мәтелдер.jpg

Қызға бергісіз қатын бар.


Қатын ерге қарайды, 

Ер жерге қарайды.


Түлен түртпесе,

Түнде келін төсектен тұрмайды.


Қаты көп болса,

Шөмішті ит жалайды.


Әйелдің ақылын жесірінде қара,

Баланың ақылын жетімінде байқа.


Жақсы қатын жүн қарыз алады,

Жаман қатын су қарыз алады.


Ерлеріне қатын қас,

ақыр түбін ойламас.


Бақа жарығы сумен,

Қатын жарығы ерімен.

Қыз туралы мақал-мәтелдер
Әйелдер қауымы туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу