Менің досым. Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 40728

Дос – әркез қасыннан табылып, көмегін аямайтын жан. Қуансаң сенімен қоса шексіз қуанатын, мұңайсаң қуантуға асығатын, сырларынмен еркін бөлісіп отыратын сырласың. Менің достарым өте көп. 

ac44d7af796aa1ad0f_600x450.jpg

Сабақтан соң баршамыз бірге кітапханаға барып үй тапсырмасына бірге дайындаламыз, одан шығып алаңға барып доп ойнап уақытымызды қызықты өткіземіз. Бір-бірімізді қимай үйге қайтамыз. Бірақ достарым көп болғанымен басына іс түскенде кімнің ең жақын досың екенін білесің деп үлкендер айтқанда таң қалатынмын. Енді көзім жетті. Расыменде, олар дұрыс айтады екен. Менің жанағы көп достарымның арасынан қиналғанымда тек бір ғана досым жанымна табылып, маған қолдау көрсетті. Менің қателіктерімді бетіме ашық айтып, оны жөндеуге  көмектесіп, өз ақыл-кеңестерімен бөлісті. Сол сәттен бастап ол менің ең жақын досым емес, ең жақын бауырама айналды. Көп мәселеде сонымен ақылдасып, түйіткілді бірге шешеміз. Бірге болашаққа нақты мақсаттар құрып, оны орындау үшін нық қадамдар жасаймыз. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, жанымыздан табыламыз. Жақында досым екеуміз мектепте өткен концертте «Дос туралы жыр» әнің жоғары деңгейде орындап шықтық. Досым менің барлық сырым мен мінез-құлқыма қанық. Мен жайлы барлық ақпаратты толық біледі. Менде ол жайлы бәрін білемін. Екеуміз екі адам, бірақ бір жан секілдіміз. Мен досымды шексіз жақсы көремін.

Менің мектебім. Шығарма
Жау туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу