Жау туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 03-01-2020 1484

Жау сырыңды алса, қырыңды алар.


Жауды аяған жаралы.


Жауға жалынба, досқа тарылма.


Жаудан құр қайтқанша, жаралы қайт.


Жауды көрсең баспалат,

Құтылғанша асықсын.

дұшпан туралы мақал.jpg

Жау кеткен соң, қылышыңды тасқа шап.


Жаудың үлкені - елдің жауы,

Даудың үлкені - жердің дауы.


Жауыннан қашқан жарға паналар,

Жауынан қашқан қайда паналар?


Жарақтыға жау жолықпас.


Жалыңсаң, жау басынар,

Басынар да, басыңа шығар.


Мың жаудан бір жансыз жаман.


Гүрілдеп келген жаудан,

Күлімдеп келген қас жаман.


Тынбаған дау жаман,

Қайта шапқан жау жаман.


Дұшпанын күлді дегенше,

Сырыңды білді де.


Дұшпаннан түк тартсаң да пайда.

Менің досым. Шығарма
Дос пен дұшпан туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу