Ит туралы мақал-мәтелдер. Ит үреді, керуен көшеді.

Oinet.kz 03-01-2020 4010

Ит ұяласын аңсайды.


Ит те бойдағында керіледі.


Ит үреді, керуен көшеді.


Итпен құда болсаң, боқпен той жасарсық.


Иттің мойнына алтын қарғы тақсаң да,

Боқ жеуін қоймас.


Иттен өзге бұралқы.

Картинки по запросу собака

Иттің табаны қышыса, керуенге ереді.


Ақсақ ит айға қарап үреді.


Қабаған ит қайыр байлайды.


Аш иттің артын сұқ ит жалайды.


Ит ұясын таламайды.


Ел жатпай, ит тынбас.


Тауындағы түлкіні табындағы тазы алар.


Қойға қасқыр шапса, ит семірер.


Қызыл ит қысырамайды.


Жүгірген ит мал санатпайды.


Еңбексіз ит жер,

Бейнетсіз бит жер.


Құрсағы жібіреген ит жатпас.


Құс қарайды құрымға,

Ит қарайды жұрымға.


Қырдағы қырғауылды қырамын деп,

Үйдегі тазыңнан айрылып қалма.


Сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды.

Шошқа туралы мақал-мәтелдер
Киік туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу