Батырлар жыры. Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 2459

Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің бұрынғы заманнан бері өзгеріссіз келе жатқан саласы. Жырды қазіргі күнге дейін жеткізген жыршылар домбыраға не қобызға қосып айтып келеді. Жырдың арқауы – жері мен халқын жаудан қорғайтын батыр. Батырдың жасаған іс-әрекеті мен Отанына деген  махаббаты сөз етіледі.

gpGgR1NR95c.jpg

Батырлар жырының түпкі мақсаты халықтың мұң-мұқтажын көксейді. Сол заманғы әлеуметтік мәселелер мен жасалынып жатқан қиянаттар да айтылады. Батырдың арманы халқын жаудан аман алып қалып, сол жолда жасап жатқан іс-әрекеттері жері мен еліне деген махаббатын көрсетеді. Жырда батырдың сенімді серігі – тұлпары жайлы да айталды. Осы арқылы қазақ халқы жылқыны бұрыннан қастерлегенін байқаймыз.

Бала тәрбиесінде батырлар жырының алар орны аса маңызды. Жырды оқу арқылы баланың жүрегінде туып-өскен жері мен халқының амандығын ойлау сынды патриоттық сезім оянады. Отбасы мен бауырларына жамандық атаулыдан қорған болу сезімін әрбір балаға үйретеді.

Бұл жырларда қазақ тарихы баян етіледі. Сол кездегі жонғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы батырдың ерлігі баяндалады. Олардың отанға деген адалдығы мен сүйіспеншілігі жырдың өзегі болады. Қазақ ауыз әдебиетінде «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Ертарғын», «Қобыланды батыр» батырлар жыры әлі күнге дейін сақталып келе жатыр. Бір жыр қаншама ғасырдан бері жыршылардан мұра болып біздерге жетті.

Батырлар жырын оқып менде Отанымды қорғайтын, жерімнің бір уыс топырағы үшін жанымды аямай қызмет жасаймын. Бұрынғылар найзаның ұшымен елін қорғап батыр болса, қазір найзаның ұшы емес, білімнің күшімен елді қорғап қала аламыз. Сол үшінде мен білімді, мықты азамат болып өсемін.

Балаларды қорғау күні. Шығарма
Білімді мыңды жығады. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу