Білімді мыңды жығады. Шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 2794

Білім – адамзаттың басты байлығы. Әлемді құтқаратын да білім. Біз білімнің іргетасын мектептен қалаймыз. Осында әріптер мен сандар үйреніп, әлемді танып, тарихты оқимыз. Бұл білімге жасаған алғашқы қадамдар.

pict1.jpg

Қазіргі заман білектің күші емес, білімнің күші. Білімді адамның өмірге деген көзқарасы мен өмірлік ұстанымы өзгеше. Адам өмірінде білім маңызды орын алады. Көпті білетін адамның сөйлеген сөздері мен іс-әрекеті әркезде де қоғамға өз пайдасың тигізеді. Білімді мектеп жіне университеттен бөлек жанымыздағы жандардан да аламыз.

Қазіргі уақытта білім алу жеңіл. Кез келген дүниені интернет арқылы біле аламыз. Интернетте бәрі бар. Санқилы үйірмелер мен ұйрететін курстар жұмыс жасайды. Бастысы білімге деген құштарлық болса болғаны. Мемлекет басшысы жастардың білім алуына көп мүмкіндік жасаған. Еліміздің болашағы біздер, яғни білімді жастар.

Әлем білімді адамдардың қолдауымен көркеюде. Осы тұста, Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деген сөзі ойға орала кетеді. Расыменде, тәрбиесіз берілген білімнің адамзатқа тигізер зияны басым. Бейбіт заманның тыныштығын бұзатын санқырлы қару-жарақтарды жасап шыққан, баланың ой-санасын бұзатын компьютерлік ойындарды ойлап, жасаған білімді адамдар. Ендеше, алып жатқан білімімізді тек әлемді көркейту мен дамытуға, жақсылыққа арнағанымыз жөн.

Батырлар жыры. Шығарма
Зар заман ақындары. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу