Ту туралы шығарма. Көк тудың желбірегені

Oinet.kz 23-09-2019 5711

Әрбір мемлекеттің өзінің жеке дара дербез ел екенін көрсететін мемлекеттік рәміздері бар.  Ту – мемлкеттік рәміздердің бірі. Әлем елдері Қазақстанды туы арқылы тани алады. Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.

125008.jpg

Ту қашанда қастерлі. Біздің туымыздың түсі аспан көк, жарқыраған күннің, қалықтаған қыранның және жанында қазақтың ою-өрнегі бейнеленген. Мұның астында терең мағына жатыр. Яғни, көк түсті аспан бейбітшілік пен тыныштықты, ал оның біркелкі көк түстілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.  Жарқыраған күн байлық пен молшылықты, күш-қуатты, жас жасампаз елдің ынтымақтастық пен серіктестікке әркезде де дайын екенін білдіреді. Ал жарқыраған күннің астындағы қалықтаған қыран бейнесі еркіндік пен бостандық, адалдық пен күш-қуаттың мықтылығы, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысты бейнелесе, тудың сабағының тұсында тігінен ұзына қарай бейнеленген ою-өрнек қазақ халқының әдет-ғұрпын, мәдениеті мен салт-дәстүрінің символы болып бейнеленеді.

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік Туы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторы – белгілі суртші Шәкен Ниязбеков. Барлық әлемдік деңгейдегі сайыстарда Қазақстанның көк байрағын желбіретіп жүрген ел азаматтарын көргенде осындай бейбіт әрі тыныш елде өмір сүріп жатқаныма қатты қуанамын. Менде сол елағалары секілде өскенде елімнің көк байрағын әлемде желбіретіп, елімнің атын әлемге танытамын.

Әнұран туралы шығарма
Елтаңба жайлы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу