Ашық сабақ. Дене шынықтыру. 7 сынып. Шоқыр Бөлтекұлы өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 01-10-2019 815

Ақшұқыр мектеп- лицейі

 

 

 

 

Ұлы тұлға- Шоқыр Бөлтекұлы

Ашық сынып сағаты

 

 

 

 

                                            

                                         

 

 

 

 

                                        

                                          Сыныбы: 7«г»

                                                         Өткізген: Н.Тәжіғұлова

                                                               Күні:02.03.2017ж.

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

Сабақтың тақырыбы: Ұлы тұлға- Шоқыр Бөлтекұлы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шоқыр Бөлтекұлы өмірі  мен  оның  болмысынан  сыр  шерту.

Дамыту:Шоқыр Бөлтекұлы туралы біліктерін толықтыру таным  белсенділіктерін, ой-өрісін  дамыту.

Тәрбиелік: Шоқыр Бөлтекұлының бойындағы  асыл  қасиеттерін үлгі  ете  отырып ұлтжандылыққа, қайырымдылыққа, имандылыққа, қиындыққа  төзуге, намыстылыққа, қарапайымдылыққа, жауапкершілікті болуға, адалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреті, слайд, нақыл сөздер

І Ұйымдастыру

Қызығушылықты ояту..

Ой қозғау. (5минут)

 

Бокс жайлы түсінік беру     

Бокс (ағылшынша box – қорап) – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек қабырғалары ұзындығы 5-тен 6 метрге дейін болатын және 4 қатар канатпен шектелген алаң — рингте өтеді.  Жеңіс көп ұпай еншілеген боксшыға; нокаутпен ұтқанға; қарсыласы пәрменсіз болып жекпе-жекті жалғастыра алмағанда, жекпе-жектен бас тартқан жағдайларда беріледі.

Бокста белден төмен, желкеден, арқадан ұруға, баспен ұруға және құлап жатқан қарсыласты ұруға тыйым салынады.

Елімізге бокс қолғабын арқалап келген, ХХ ғасырдың қырқыншы жылдары осынау спорттың қанатын қақтырған ол-Шоқыр Бөлтекұлы.

Қазақ боксының атасы, қазақта тұңғыш “КСРО мемлекеттік   спорт шебері” деген атаққа ие болған боксшы  Ш Бөлтекұлының есімін құрметтеу  мақсатында «Ұлы тұлға- Шоқыр Бөлтекұлы» атты бүгінгі сынып  сағатымызды бастаймыз

1-топқа: Өмір- дастан

2-топқа: Жетістіктері

3-топқа: Ұстаздық жолы

Оқушылар, ойларыңызды бейнеролик арқылы толықтырғым келеді. Назар аударайық!

Шоқыр Бөлтекұлы туралы видеоролик көрсетіледі.

-Қандай әсер алдыңыздар?

Әр қатар өздері дайындап келген баяндамалардан тапсырмалар дайындайды.

1-топқа: Сандар сөйлейді

2-топқа: Адасқан әріптер

3-топқа:Сұрақтар қою.

 

«Ұстазсыз- шәкірт тұл» бөлімі

Қазақ боксы әлемдік аренада жоғары беделге ие. Қайсар мінезді қазақтың жігіттері әуесқой бокс болсын, кәсіпқой бокс шаршы алаңы болсын, өздерінің шеберлігі жоғары, шоқтығы биік екенін мойындатып келеді. Жастардың да бұл спорт түріне қызығушылығы жоғары деп нық сеніммен айта аламыз. Себебі, үлгі тұтарлықтай ұлт ұландары бар. 

«Спортшыны тану»
Әр топқа 4 спортшының суреті беріледі.
-Бұл кім? -Спорттың қай түрімен шұғылданады? -Қандай олимпиада чемпионы? -Олимпиада қай жылы болды?

                       
 Ермахан Ибраимов (Сидней 2000)                   Серік Сапиев ( Лондон-2012)

 

                         

Әділбек Ниязымбетов (Лондон-2012,            Данияр Елеусінов (Рио-де-Жанейрода-2016)

             Рио-де-Жанейрода-2016)

 

              Осы орайда тәуелсіздіктен бергі алты Олимпиадада қанша қазақ боксшылары жеңіс тұғырынан көрінді?

Атланта олимпиадасы (1996ж)-3 медаль

Сидней олимпиадасы (2000ж)- 3 медаль

Афины олимпиадасы (2004ж)-3 медаль

Бейжің олимпиадасы (2008ж)-2 медаль

Лондон олимпиадасы (2012ж)-3 медаль

Рио-де-Жанейро Олимпиадасы (2016ж)-3медаль. Осылайша, Қазақстан боксшылары тәуелсіздіктен бері 7 алтын, 6 күміс, 4 қола медаль, жалпы 17 медаль еншіледі.

 

Оқушылар шығармашылығынан:

1-оқушы:   

Қазіргі таңда Ш Бөлтекұлының есімін құрметтеу  мақсатындағы бір қатар шаралар іске асырылуда. Оның туған топырағы Маңғыстау облысында Шоқыр Бөлтекұлының     атындағы халықаралық турнир дәстүрлі түрде ұйыдастырылып келеді. Бұл турнир былтыр төртінші рет өтіп, ҚР бокс федерациясының шешімімен “А” санатты турнир мәртебесіне ие болды. Маңғыстау ауданының орталығында Шоқыр Бөлтекұлының атындағы спорт кешені салынып, спортшылардың игілігіне берілді. Сонымен қатар Ақтау қаласында Шоқыр Бөлтекұлының атымен аталатын боксшылар клубы құрылды.

2-оқушы:

XX ғасырдың 36 жылдары Қазақ жерінде әуесқой боксты алғашқы болып қолға алған ұстаз. Ол  Қазақ боксының атасы – біздің жерлес ауылдасымыз. Ондай жерлес, боксшы жерлес – біреу. Ол  -  Шоқыр Бөлтекұлы. Олай болса, бүгінгі біздің  міндетіміз де, мақсатымыз  да – осы әлемдік бейнені халыққа  таныту, өлкеге насихаттау. Қазақстанға биік, жарық жұлдыз екенін айта беру, айта беру...  Айтудан жалықпау...

3-оқушы:

Айналайын атыңнан Шоқыр аға

Куә болған қазағым өр тұлғаңа

Білді ме екен сол қазақ бір батыр ұл

Дүниеге келгенде сен туғанда.

Талай сенді теңселмей бұзып жардың,

Жиырмаңда қолыңа тізгіңді алдың

Жануына жарқырап жол ашқан сен

Баспалдығы болашақ жұлдыздардың.

Орындалсын демейді кім арманын

Шекпеніңнен кіл асыл шығарғаның

Әбдісалам, Махмұт пен Серік, Асқар

Сенің баптап ұшырған қырандарың.

Сенің атың өлгенде өшкенде емес,

Сенің даңқың қалайша көкке өрлемес

Еш пенде егес тудырмас еңбегіңе

Төккен терің теңізден еш кемде емес.

 

 

Оқушылар, сіздер жүрекжарды сөздеріңді арнап жатсыздар. Бүгінгі сынып сағатымыздың мақсаты да Шоқыр Бөлтекұлы кім екендігін, қандай іспен айналысқандығын, қандай жетістіктерге жеткендігін дәріптеу болатын. Сол мақсатымызға жеттік деп ойлаймын. Олай болса, бүгінгі сынып сағатымызды қорытындылай келе, қазақтың көк туы әрдайым көкте желбірей берсін

Ашық сабақ: Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары
Ашық сабақ. Математика, физика, география. Оқушылар сайысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу