Ашық сабақ. Математика, физика, география. Оқушылар сайысы

Oinet.kz 01-10-2019 834

 

Құрметті мектебіміздің таңдаулы оқушылары, білім бәйгесіне түсетін мектепішілік математика, физика, география  пәндері бойынша «Зияткерлік шытырман» интеллектуалдық ойынының сайысына қош келдіңіздер!
 

 Сайысқа түсетін оқушыларды ортаға шақырайық:

1.Бекбосын Нұртілек

2. Өтеген Бекзат
3.Қайыр Еркебұлан

4.Мединаева Мая

5.Рахметова Ақжарқын

6.Қаржаубай Динара

 

Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты

Ал, енді алғашқы сынның әділдігін айтатын әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1.Дүйсенбекова Бердігүл-математика пәнінің мұғалімі

2.Досекенев Нұрберген-география пәнінің мұғалімі

3.Ерқасымова Айгерім-физика пәнінің мұғалімі

Енді барлықтарыңа ақ жол тілей отырып, ойынның шартымен таныстырайық.

1 тур. Бәйге

2 тур. Жеті жұмбақ

3 тур. Жорға

4 тур. Дода

5 тур. Ойлан тап

 

- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,-

І тур. «Бәйге» (1 ұпайдан)

1. Қай ел өте ұзын және жіңішке? (Чили)

2. квадрат теңдеу формуласы (ах2+вх+с=0)

3. Алманың жерге түсіп бара жатқанын көрген ғалым, қандай заңды ашты?          (Ньютон, тартылыс заңын)

4.Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)

5. Бұл ғалымды «сері», «классикалық механиканың атасы» деп атаған. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңдарын ашқан? (Исаак Ньютон)

6. Будың сұйыққа айналу құбылысы? (конденсация).

7. 729 саны қай санның квадраты? (27)
8. Дененің температурасын өлшейтін құрал? (термометр)    

9. Қазақстан мұнай қорынан нешінші орында ( 9 )

10.Анд тауының ең биік шыңы? (Аконкагуа-6960)

Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деген нарталас,
Жеңілемін деп ойлама!

ІІ тур. Жеті жұмбақ (15 ұпайдан), ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.

1.Көлден үлкен, мұхиттан кіші. (теңіз,море,sea)

2.Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт, время,time)

3. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға ол келеді. (Күш, сила,energy)

4. Егіз туған қос жүйрік
Жарыса шауып терлейді
Терлеген сайын өрлейді,
Бірін бірі көрмейді.
Дамылсыз қанша шапса да
Бір мәреге келмейді (паралелль түзулер, parallel lines)                    

5.Түйе, бота маң басқан.

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі.

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге санап қой. (17, семьнадцать, seventy)

6. Сілкінетін жері көп,

 Шектесетін елі жоқ. (Жапония, Japan)

 

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа,қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен

ІІІ тур. «Жорға»  Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

СПОРТ

10-Шоқыр Бөлтекұлы

20-Әмин Тұяқов

30-11

40-Ольга Чечигина

 

МЕКТЕП ТАРИХЫ

10-2014жыл, 12 қараша

20-2015жыл

30-Құралбаева Айдана

40-бонус

 

ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТІ СӨЗ

10-ұйқы, күлкі, тамақ

20-жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті

30-талап, еңбек, терең-ой, қанағат, рақым ойлап қой; өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

40-сөз анасы бұлақ, жол анасы тұяқ, сөз анасы құлақ

Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
біліміңмен шарықтай бер әрдайым.

ІV тур. «Дода»  Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

ФИЗИКА

1.Атомның теріс зарядталған бөлшегі – (электрон)

2.Кернеуді өлшейтін құрал – (вольтметр)

3.Тоқ күші кернеуге тура пропорционал, кедергіге кері пропорционал кімнің заңы – (Ом заңы)

4.Заттың үш күйі – (қатты, сұйық, газ)

5.Зарядтың, тоқ күшінің периодты өзгерістері не деп аталады – (электромагниттік тербелістер)

6.Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы неге тең – (300 000 км/сағ)

7.Мөлдір емес денеден өтетін сәуле – (Рентген сәулесі)

8.Циклдік жиілік қандай әріппен белгіленеді – , амега)

9.Ядроның бейтарап бөлшегі – (нейтрон)

10.Электр зарядының өлшем бірлігі – (Кулон)

11.Катушкадан, конденсатордан тарайтын  тербелмелі жүйе не деп аталады – (тербелмелі контур)

12.Тығыздықтың формуласы ?                                               ). 

13.Ньютонның ІІ-заңы? (Денеге әсер етуші күш дене массасы мен үдеуінің көбейтіндісіне тең F = ma)  

14. Ең алғаш радионы ойлап тапқан кім – (Попов)

15.Еркін түсу үдеуі нешеге тең (9,8м/с2)


         МАТЕМАТИКА

1. sin 45˚-неге тең? (/2)

2. 63 құрама сан ба, жай сан ба? (құрама сан)

3. Дәлелдеуді қажет ететін математикалық сөйлем (теорема)

4. Ең үлкен хорда (диаметр)

5.Квадратың қабырғасы 15 см-ге тең. периметрді тап (60см)

6.Жазықтағы қиылыспайтын  екі түзу. (параллель)

7.Тік бұрышты ұшбұрыш туралы теорема ғылымның атымен аталды? (Пифагор)

8. Геометрияның кеңістіктегі денелерді зерттейтін бөлімі (стреометрия) 

9. Түбірден қандай сандар шығады? (оң сандар) 

10.Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура. (бұрыш)

11. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (біреу)

12. Кубтың көлемінің формуласын атаңдар. (V=abc)

13.Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең? Сол

сандарды ата  (1,2,3)

14. Өлшемі 90 градустан кіші бұрыш (сүйір бұрыш)              

15.Өзіне және 1-ге ғана бөлінетін сандар (жай сандар)        

         ГЕОГРАФИЯ

1.Жердің ішкі құрылысын ата (ядро, мантия)

2.Ең ірі тау (Гималай)

3.Ең үлкен көл (Каспий)

4.Каспийдің ежелгі атауы (Геркан)

5.Евразия материгінің ішкі суларын ата? (Каспий, Балкаш)

6.Гималай тауының биік шыңы (Эверест, 8848)

7.Халқы көп мемлекет (Қытай)

8.Ең үлен шөл (Сахара)

9.Ең үлкен терең шұңғыма   (Мариан шұңғымасы)

10.Ең үлкен материк (Евразия)

11.Ең үлкен мұхит (Тынық)

12.Ең кіші материк (Австралия)

13.экватордың ұзындығы (40000км)

14.Екі жарты шарда жатқан мұхит (Атлант)

15.Қызыл кітаптың алғашқы басылымы (1963 ж)

                                                 

Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
біліміңмен шарықтай бер әрдайым.

 

V тур. «Ойлан тап...»

         Оқушыларға логикалық тапсырма беріледі.
 

Қорытындылау, оқушыларды марапаттау


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақшұқыр мектеп-лицейі

 

 

 


                                                 

                                                           Өткізген: Н.Тәжіғұлова

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

 

 

 

Ашық сабақ. Дене шынықтыру. 7 сынып. Шоқыр Бөлтекұлы өмірі мен шығармашылығы
Ашық сабақ: Географиялық бойлық, географиялық координаталар ұғымы және координатаны анықтау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу