Ертегі. Арыстан

Oinet.kz 05-10-2019 787

Тапқыр қоян - Ертегілер -

Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:

- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты.

Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:

- Халіңіз қалай, тақсыр?- деп көңілін сұрады.

- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік, - деді арыстан. Түлкі:

- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! - деп жүріп кетіпті.

Биология. Баяндама. Потогендік микроорганизмдер
Ертегі. Түлкі мен қырғауыл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу