Қожанасырдың тойға баруы

Oinet.kz 06-10-2017 1320

Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі келіпті, Қожа да келіпті.

Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті.

Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді.

Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді. Ет келгенде: - Қожеке, алыңыз, алыңыз! – деп қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып: - Же, шапаным, же! – деп, отыра береді.

Үй иесі: - Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? – дейді.

Сонда Қожа: - Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным, - деп, жауап береді. 

Қожанасыр хикаялары. Қожанасырдың өкпесі
Қожанасыр хикаялары. Қожа мен хан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу