Ашық сабақ: Үй жануарлары мен төлдері

Oinet.kz 30-09-2020 804

Үміт Төреахметқызы,

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,  Ақжарма ауылы

Ақжарма «Бүлдіршін» балабақшасының тəрбиешісі

 

Тобы:     «Толағай»

Білім саласы:    «Таным»

Оқу іс-әрекеті:   Қоршаған   ортамен   таныстыру

Тақырыбы:

Мақсаты: Төрт  түлік  малдың  адам  өміріндегі  орнын  білдіре отыра, төлдерінің атауын атап,  ажырата  білуге  үйрету ,  жануарлардың  тіршілігіне  қорек , ауа, су, жылу, керектігі  туралы  ұғым  беріп, табиғатты қорғауға   тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта , үй жануарларының  макеті, суреттер.

Билингвалды компонент:  Жылқы-лошадь,

                                               Сиыр-корова

!с-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Ұйымдастыру - іздестіру

Сәлемдесу /үш  тілде/

Шаттық  шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын  сәуле  таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды  даламыз

Біз  бақытты баламыз

«Кім тапқыр» ойыны

-Балалар , бізге Данаш әжейден    хат  келіпті, оқимыз ба?

Көмекке барамыз   ба?

Әжеймен амандасамыз

Әжей: 

-Балалар мен аздап сырқаттанып қалдым, маған мал жайғап, төлдерін анасының қасына қосуға көмектесесіңдер ме?

Әжейдің әңгімесін  тыңдаймыз.

Сергіту сәті.

«Төрт  түлікті тап» ойыны.

Үй жануарлары үш тілде атау

«Төлдері қалай дыбыстайды» дидактикалық ойыны.

-Шығармашылық  сәт

-Балалар,  мен  үй жануарларын  аулаға осылай  орналастырдым.  Сендердің алдарыңа қағаз, үйдің  суреті,  тал  және үй  жануарларын  қойдым. Сендер  соны өз қалауларың  бойынша  жабыстырыңдар.

Ой  бөлісу  сәті

-Балалар  сендерге  бүгінгі  оқу  іс-әрекеті ұнады  ма?

-Кімге қай сәт  ұнады?

Амандасады.

Шеңберге  тұрып өлең  сөздерін  қайталайды.

Ойынға  белсене   араласады.

Хатты  мұқият  тыңдайды.

Көмекке баруға келіседіСәлеметсіз бе, әжей!

-Көмектесуге  келіседі.

Әжейді тыңдайды.

Сергіту  жаттығуын  жасайды.

Ойынға белсене  қатысады.

Балалр қайталайды.

Ойынға  белсене  араласады.

Күтілетін  нәтиже:

Нені   білу   керек:

Үй жануарлары  мен  олардың  тқөлдерінің  атауларын  білу керек.

Нені   игереді:

Жаңа  сөздердің  мағынасын

Нені   біледі

Жануарларды   күтіп   баптауды,  қамқорлық  жасай  білуде.


Сабақ жоспары: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу
Тема урока: Имя существительное
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу