Шымкент: «Таза Қазақстан» белсенді жүргізілуде

Oinet.kz 14-04-2024 380

6.jpg 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.

Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.

Шымкент қаласы Тұран ауданында да акция аясында тазалау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қазіргі кезде көшелер сыпырылып, арықтар мен жол жиегіндегі қоқыстар жиналуда. Ағаштардың түптері әктеліп, көгалдандыру жұмыстары да жүруде. Аялдамалар жөнделіп, ретке келтіріліп жатыр.

--Қай қаланың болсын көркі мен сәні тазалығынан көрінеді. Барша тұрғындарды қоғамдық көпшілік орындарда, көшелерге, арық-атыз, жағажайлар мен тұрғынүй ауласына қоқыс тастамауға, қоршаған ортаны, табиғатты аялауға, тазалығын сақтауға шақырамыз!—дейді Шымкент қаласы әкімдігінің таратқан ақпаратында.

Аталған науқанға Шымкент қаласының тұрғындары да ерекше қолдау білдіріп, жұмыстарды белсенді бастап кетті. Экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуде.

Тазалық шаралары Әл-Фараби ауданы аумағында да қызу өткізілді. Аудан тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер «Ордабасы» алаңы мен «Тәуелсіздік» саябағы аумақтарын, «Қошқар ата» өзені жағалауын, алаңдағы жол үсті көпірін, «Жер Ана» монументін, аялдамаларды жуу мен тазалау, ағаштардың түбін әктеу, шөптерді ору, абаттандыру жұмыстарын жүргізілді.

Жалпы, тазалық жұмыстарына 4500-нан астам адам қатысып, 56 арнайы техника жұмылдырылды,10,6 шақырым аяқ жолды тазаланып, 5500 дана ағаш әктеу және қырқу жүргізілді. 85 м3 қоқыс шығарылып, 4365 м ирригациялық жүйелер, 18 658 м2 құрайтын көше бойы тазаланды.

Іс-шараға қала әкімі - Ғ.Сыздықбеков, қалалық мәслихат төрағасы -Б.Нарымбетов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы – К.Төлебаев, белгілі опера әншісі М.Мұхамедқызы, қоғам белсендісі - А.Бесбаев, «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қорының жетекшісі – А.Мәуленов, ардагерлер, қоғам қайраткерлері, белсенді жастар, еріктілер және басқа да азаматтар белсенді атсалысты.


Шымкент: «Таза өлке» көшелерді тазалаудан басталды
Шымкент: Экологиялық акция жалғасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу