Шымкент: Экологиялық акция жалғасуда

Oinet.kz 14-04-2024 60

7.jpg 

8 сәуір күні елімізде республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Науқан бес аптаға созылады және әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар.

Аталған науқанға Шымкент қаласының тұрғындары да ерекше қолдау білдіріп, жұмыстарды белсенді бастап кетті.

Экологиялық акцияның алғашқы аптасы «Таза өлке» апталығы аясында қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалау, көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізуде.

Тазалық шаралары Еңбекші ауданында да белсенді жүргізілуде. Іс-шара барысында барлық аудандар мен елді-мекен аумақтарында тазалау жұмыстары жүргізілді. Аудан тұрғындары, белсенді жастар «Алатау» саябағы мен 11 шағын ауданында орналасқан саябақтың аумағын тазалап, шөптерін орып, ағаштарды әктеді.

Сонымен бірге, аудандағы аулаларды тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Жалпы, тазалық жұмыстарына 870-тен астам адам қатысып, 26 арнайы техника жұмылдырылды, 6,4 шақырым аяқ жолды тазаланып, 970 дана ағаш әктеу және қырқу жүргізілді. 48 м3 қоқыс шығарылып, 1150 м ирригациялық жүйелер тазаланды.

Іс-шараға қоғам қайраткері – Қалмұратов, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы – М.Ділдәбеков, белсенді жас – Қ.Серікбай, қала жастары мен еріктілер және басқа да азаматтар қатысып, атсалысты.

Бұл ауқымды іс-шара Қаратау ауданында да жүзеге асуда. Іс-шара барысында барлық ауданға қарасты елді-мекен аумақтарында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Аудан тұрғындары, белсенді жастар «Т.Назарбеков» аллеясының аумағын, Ж.Шаяхметов көшесі мен Н.Назарбаев даңғылының, «Нұрсәт» шағын ауданы аумағын тазалап, қоқыстардан тазартты, ағаштарды әктеп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға тұрғындармен бірге танымал айтыскер ақын – Б.Байтуов, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – А.Тоқмағамбетов, белсенді жастар және басқа да азаматтар қатысты.

Жалпы, еліміз бойынша өтіп жатқан акцияның мақсаты қаланы көркейту, абаттандыру, тұрғындар назарын айналасын таза ұстауға аудару.

Осы орайда қаратаулықтар «әр ай сайын тазалық акциясын өткізіп отыру керек. Сол кезде қаламыз да, ауданымыз да тазарып, жайнай түседі»-дейді.


Шымкент: «Таза Қазақстан» белсенді жүргізілуде
«Таза Қазақстан»: Тұрандықтан акцияға белсенді қатысуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу