Үй жануарлары жайлы тақпақтар

Oinet.kz 02-08-2019 15566

dom_jiv.jpg

Бұзау 

Тентек болма, ақ бұзау, 

Еріншек болма, ақ бұзау. 

Кең далада сенімен, 

Жарысып мен жүгірем. 

...

Ала мысық. 

Ала мысық тырнама, 

Тырнағаның бола ма? 

Ұстайыншы қолыңнан, 

Ойнайық, ер соңымнан.

...

Мысығым 

Мысығым, кел, кел маған, 

Сүт берейін мен саған. 

Ит кеп қалса, қорғаймын, 

Көтерейін, сен маған.

...

Құлыншақ. 

Құлыншақ, құлыншақ, 

Шапқылайсың даламен. 

Дос болсайшы құлыншақ, 

Мен сияқты баламен.

...

Сиыр

Көк сиыр бұзау туғанда, 

Қамап қойдық қораға. 

Көк сиыр тұрды мөңіреп, 

«Қайда менің балам»

...

Күшік 

Күшігім менің, күшігім, 

Үй күзетер пысығым. 

Үргені де шамалы, 

Тамақ берсең болғаны.

...

Ақ бұзауым ұнайды

Мө - мө деп сүт сұрайды.

Келеді өсіп күн сайын,

Тұмсығын созып қарайды.

...

Кіп - кішкене момақан

Қошақанды ұнатам

Сүйеді апам қозым деп

Қошақаным қозым деп

...

Құлыншағым құндызым

Құлдырайды шабады

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.

...

 Шөре - шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секектеме деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

...

 Айналайын ботам

Қандай күлте жотаң.

Табандарың жалпақ,

Теріп жейсің жантақ.

...

Жылқы

Жылқы деген бір мал бар,

Ер жігіттің қанаты.

Ту көтерер тұлпар бар,

Батырлардың санаты.

Жылқы деген бір мал бар,

Шал бақса да жас болар.

Сүтін ішсе қымыз қып,

Жарлылар да «мас» болар.

Жақын жүрсе тістескен,

Алыс жүрсе кісінескен,

Қасынысып айқасып,

Бірін-бірі иіскескен

Жылқы деген бір мал бар!

Соғыс жайлы өлеңдер
Аңдар туралы тақпақтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу