Ермек Төлепбаев: «Киноға түсудің екі түрлі зардабын тарттым»

Oinet.kz 09-12-2019 2443

Алты жасар Алпамыс.jpg

Кино менің балалығымды ұрлады. Киноға түсу салдарынан менде балалық болған жоқ. Менің құрдастарым ойнады, жүгірді, демалды. Мен ол кезде жұмыс істеп жүрдім. Қазір ойлап отырсам, балалық шақта менің өз өмірім болмапты. Мен кейіпкерлерімнің өмірін кештім. Киноға түсудің екі түрлі зардабын тарттым. Біріншіден, дұрыстап оқи алған да жоқпын. Əрқашан түсіру алаңында жүретінмін. Екіншіден, өсе келе, адамдардың бəрі тани беретіні жалықтырды. Бәрінің алдында сол Алпамыс, сол Нұраш болып жүру бірте-бірте мені қатты шаршатты. Мектепте балалармен Алпамыс дегендері үшін төбелескен кездерім де болды. Олар атаған сайын, өзімнің Алпамыс емес екенімді дəлелдемек болып, шу шығаратынмын. Киноға түсудің маған берген "сыйының" бірі — біраз аурулар жабысты. Қақаған суықта жалаңаштанып, қатты ыстықта жалаңбас жүріп, суық тигізіп, күн өткізіп дегендей, біраз аурулармен "дос" болып алыппын. Егер Абдолла аға (режиссер) болмаса, киноға түспес те едім.

Қайғының емі қайда едің?..
Есенқұл Жақыпбеков: «Жұматайдан асқан ақынды көрмеппін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу