Ұстазыма. Өлең

Oinet.kz 10-01-2020 823

Ұстазым менің, ұстазым,

Шәкірттерің сізге ұқсасын.

Бағалайық еңбегін,

Қолынан нәр ап ұшқасын.


Білім алдым өзіңнен,

Мейірім көрдім көзіңнен.

Бағыт беріп тұрасың,

Шуақты әр сөзіңмен.


Бар әлемді шарладым,

Есеп ісін таңдадым.

Қызмет етіп келемін,

Мақсатқа жету - арманым.


Ұстазым менің анамдай,

Сезінем әлі балаңдай.

Ақ көңілді, ақ жарқын,

Пейілің кең даламдай.

Серік ДЕРБІСБАЕВ

Сағынарсың еліңді. Өлең
Ұстаз туралы өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу