Мысал. Өлең

Oinet.kz 01-01-2020 747

Қыран құс самғар мәңгі биіктерде,

Сондықтан, болған қыран сүйікті елге.

Қатал да қайырымсыз бұл өмірде,

Қыран болу үлесі тиіпті ерге.


Салмақ сал жүрегіңе, санаңа да,

Көрдің бе сен өмірде жаман Ана.

Ана менен қыранның жаманы жоқ - 

Қыранды қанатынан жаралама!

Мұң туралы өлең
Алыпсатар. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу