Ырысбек Дәбей. Жаңа жыл

Oinet.kz 19-07-2020 481

image.png

Уақыт мұнарасының жанынан

өтіп бара жатып,

Ғұмырымның көктем, жаз,

күз, қыс маусымын –

Жылжыған жыл деп білгем.

Қабағыма тұрса да мейірімсіз

мезгілдің тырнағы батып,

Маған жат ғадет қаныма сіңген.

Бір күн өтсе жылайтын

бабамның уайымы ұмытылған,

Ертең базарды кезіп

бағалы сыйлық іздеймін,

Тер саулаған маңдайымды сүртіп.

Тамағымды кенеп салатыным да

былтырғы ән,

Кесілген шыршаны көтеріп

келе жатып бір түп.

Майя мәдениетін жерге

көмгенімде тепкілеп,

Өмір сүргім келетін өзге өркениет жасап...

Календарьдың соңғы бетіндегі нүкте.

Ертең үрей толы 2012-ге де қош айтамыз,

Уақыт үшін үйренбегеміз бармақ тістеп...

Ырысбек Дәбей. Жалғыздық
Ырысбек Дәбей. Естелік сазы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу