Иса Байзақов. Станок

Oinet.kz 23-02-2020 592

image.png

Көрдің бе станокті тұрған қайнап,

Мың тетік бір өзімен қабат ойнап

Жүргізіп машинасын зуылдатып,

Ержүрек алыбым тұр оттай жайнап.

Шағылып электрге ерке күліп,

Стальды дайындайды қардай тіліп,

Әперіп бірінен соң біреуі тұр,

Әзірлеп мотор жасап, жөнелді іліп.

Иса Байзақов. Жаңа өмір
Иса Байзақов. Қосқанат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу