Әсет Найманбайұлы. Сырмақ үйкер

Oinet.kz 23-07-2020 689

Қызықты қызу үсті шын ерлерге

Жүрсе де жақсы орын артық қай жерлерде.

Қызығың бір сағатқы мың күнгі өмір

Ерікті сөз сөйлейін көз көргенге.

Ойымнан, сірә, қалмас бағлан нұрлым,

Қадірін қатты білген айтқан сырдың.

Бір сағатқы қызығың мың күнгі өмір,

Тілектес заманымда туған құрбым.

Жетік молда қаламмен қағаз түртер,

Жақсы болса сүйгенің, жұпар бүркер.

Құрбылас, бұл қай ән деп сұрасаңыз,

Бұл әннің аты еді “Сырмақ үйкер”.

Әсет Найманбаев. Мақпал /2-нұсқа/
Әсет Найманбаев өмірбаяны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу