Мұқағали Мақатаев. «Мықтымын ғой дегенмен...»

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Мықтымын ғой дегенмен

Қорғасындай бір салмақ кетер емес денемнен.

Басады кеп төбемнен. Қош айтысып өлеңмен,

Терезеге төнем де Алатауды көрем мен -

Басы қарға бөленген.

Бауыры көкке кенелген - Алатауды көрем мен.

(Қорғасындай бір салмақ арылмайды денемнен)

Мықтымын ғой тегінде!

Қорқытарың өлім бе, оранарым кебін бе?!

Түкірдім мен оларға!

Ей, жүрегім, жеңілме!

Ана тұрған көгінде - жұлдызың бар сенің де,

Басын иген өлімге, түкірдім мен өмірге!

Ей, жүрегім, жеңілме!

Ей, жүрегім, жеңілме.

...Мен несіне жерінем?!

Қорқатыным өлім бе?!

Қорықпай-ақ берілем

Өкінішті...

Амал не...

Өлмейтіндей келіп ем...

Мына жарық дүнием бірге туған менімен

Бірге өледі менімен!!!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұқағали Мақатаев. «Мәңгілік жастық»
  • Мұқағали Мақатаев. «Жігіттер, мақтанбалық»
  • Мұқағали Мақатаев. «1941 жыл. Ақпан.»
  • Мұқағали Мақатаев. «Бәрін де қойшы...»
  • Мұқағали Мақатаев. «Біздің үйге көктем келді, қыз келді»
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика