Табақ тарту ережесі. Әр қонақтың өз сыбағасы бар

Oinet.kz 06-11-2019 1644

Табақ тарту.jpg

Сый табақ - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе.

Құда табақ - бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық бауыр.

Құдағи табақ - жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек, асықты жілік.

Жеңге табақ - асықты жілік, сүбе, қабырға, мойын омыртқа, құйрық, өкпе, ұлтабар.

Беташар табақ - сүбе, төс еті, қарын, ащы ішек, құйымшақ, мойын омыртқа.

Күйеу табақ - төс, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа еті, қазы-қарта, жауырын, қойдың.

Қыз табақ - құйымшақ, тоқпан жілік, бел омыртқа, құйрық, қабырға.

Құрдас табақ - тоқпан жілік, омыртқа, сүбе қабырға, қазы, құйрық.

Бала табақ - бел омыртқа, қабырға, бүйрек, бақай, асықты жілік.

Анасын қарттар үйіне өткізген бала
Ата-ананы қалай сыйлау керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу