Ата-ананы қалай сыйлау керек?

Ата-ана.jpg

1. Ол кісілердің жанында телефоныңызды қоя тұрыңыз.

2. Ол кісілердің айтқанын мұқият тыңдаңыз.

3. Пікірлерін құп көріңіз.

4. Әңгімелеріне қатысыңыз.

5. Оларға құрметпен қараңыз.

6. Оларды мақтаңыз.

7. Жақсы жаңалықтарыңызбен бөлісіңіз.

8. Жайсыз жаңалықтарды айтудан аулақ болыңыз.

9. Достары жайлы жақсы сөзде болыңыз.

10. Олар жасаған жақсылықтарды үнемі жадыңызда ұстаңыз.

11. Өткеннен жайсыз шақтарды ілестіріп жүруден сақ болыңыз.

12. Егер олар айтқан нәрсесін қайталап айтатын болса, тыныш отырып, алғаш тыңдағандай тыңдаңыз.

13. Ол кісілердің көзінше бөтен әңгімеден аулақ болыңыз.

14. Олардың пікірін елемей/сынға алушы болмаңыз.

15. Сөйлеген уақытында, сөздерін бөлуден сақтаныңыз.

16. Қасында отырған сәтте әдептен озбай, мәдениетті отырыңыз.

17. Жастарын сыйлаңыз.

18. Ол кісілердің көзінше немерелерін жекіп, ұрсудан аулақ болыңыз.

19. Насихаты мен кеңестеріне құлақ салыңыз.

20. Өз ортаңызда лайым көшбасшы етіңіз.

21. Оларға дауыс көтермеңіз.

22. Олардың жолдарын кеспеңіз.

23. Олардан бұрын асқа қол созбаңыз.

24. Оларға аларып қарамаңыз.

25. Оларды мақтан тұтыңыз, тіпті олар оған лайықпыз деп есептемесе де.

26. Оларға теріс қарап отырмаңыз.27. Олар жайлы еш уақытта жаман айтпаңыз.

28. Олар үшін үнемі дұғада болыңыз.

29. Олардың көзінше шаршаңқы, зерігу кейіпін танытпаңыз.

30. Олардың қате – кемшіліктеріне күлмеңіз.

31. Қажеттерін сұрамастан бұрын өтеп отырыңыз.

32. Жиі қалдарын сұраңыз.

33. Олармен әңгіме барысында абайлап сөйлеңіз.

34. Оларды өздеріне ұнаған жұмсақ атпен атаңыз.

35. Оларды өміріңіздегі ең басты, қымбат жандарға айналдырыңыз. Ата – анамыз осы өмірдегі ең қымбат қазынамыз, және осы қазынамыз сіз ойлағаннан да ерте жерленетін болады, сондықтан оларды көздері тірі кезде сыйлап, құрмет – қошеметке бөлейік! Қадірін білейік, ағайын!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қарт ананың марқұм шалына жазған хаты
  • ​Қазақ не үшін үсті-үстіне тоқал алған?
  • Ата-ананы қалай сыйлау керек?
  • Табақ тарту ережесі. Әр қонақтың өз сыбағасы бар
  • Анасын қарттар үйіне өткізген бала
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика