Сүйген қызыңа немесе жан жарыңа арналған хаттар

Oinet.kz 06-09-2020 1431

Жаным менің, сені шын жақсы көрем.... Махаббат – теңіз толқынына ұқсайды. Алғашқыда тып-тыныш сияқты сезінесің. Бірақ, аяқ астынан жүрегіңде дауыл тұра бастайды, мен сені кездестіргенде дәл сондай күйді бастан кештім. Сенің жанарың теңіздегі әдемі көрініске ұқсайды, оны ұмыту маған өте қиын. Сенің бал татыған еріндеріңді қалай ұмытайын. Теңіз толқынымен жағаласа тербеліп, нәзік су тамшылары секілді бетіме әлсін-әлсін шашыраған қолаң шаштарыңды қалай ұмытайын.

Сені құшағыма алып сүйіп тұрған кезімді – аяқтарымды қайта-қайта соққылап құлата жаздайтын теңіз толқынына ұқсатамын. Жаным сені өмір бойы сүйіп өтемін... Мен сенімен бірге махаббат мұхитына батуға дайынмын...

***

Сәлем, қымбаттым! Сен бұл хатты, мүмкін, ешқашан оқымайтын шығарсың... Мен сенсіз не істеу керегін білмеймін, сенсіз маған өте ауыр, мен сені көргім келеді, сенің көздеріңді, сенің күлкіңді сағындым, сені алыстан болса да көргім келеді. Мен сені күндіз-түні ойлаймын, сені ұмыту осынша қиын болады деп ойламаппын.... Бұрын бір жерден оқығаным бар еді: «Күндердің бір күні біреуді сүйесің, сонда махаббаттың не екенін түсінесің, жүрегіңнің қалай шаншып жатқанын жан-тәніңмен сезінесің. Сенің жүрегіңнің қан жылап жатқанын, қалай қиналып жүргеніңді ешкім білмейді, ешкім естімейді. Жалғыз алысасың!». Міне сол сәт туды! Менің жанымның ауырғанын ешкім көрмейді, ешкім естімейді! Менің күндіз-түнгі көз жасыма басымдағы үкі жастығым куә. Мені кешір, бәрін кешір! Өтінемін кешір! Менімен бірге болмасаң да, бақытты бол! Сен ешқашан жылама, әрдайым күліп жүр. Сенің күліп жүргеніңді менің жүрегім әрдайым сезеді. Егер сен алаңдайтын жағдай болса немесе мұңайсаң, бұл әлемде сені шын сүйген бір жүректің бар екенін есіңе түсір.

Мен сені сонда да күтемін, қанша болса да күтемін, өмір бойы күту керек болса да күтемін. Мен бұл хатты жазып отырып, көз жасыма ерік бердім, өзімді тоқтата алар емеспін, мейлі мен жыласам жылайын, сен жылама! Мен сені ұмыта алар емеспін!!! Мына өмірдің мен үшін мәні жоқ. Білесің бе, неліктен? Өйткені, мен сені ғана сүйемін!!! Түсінесің бе! Сені ғана!!!

****

Сәлем, Күнім сол! Саған хат жазуым керек деп шештім.... Сен менің қандай күйде екенімнен мүлде бейхабарсың, менің жүрегімнің езіліп, жанымның қиналғанын сезбейсің. Сенің өзгенің қолынан ұстап кетіп бара жатқаныңды көргенде: "Мен қайтемін? Не істесем екен? Мен сөніп барамын, сенің көз алдыңда ақырындап сөніп барамын, ал сен мен туралы тіпті ойламайсың.... Сен мені бұлай жазалайтындай кінәм не?" - деп дауыстаған жан айқайымды естімейсің де). Мен сені шын сүйемін ғой! Сен менің бір бөлшегімсің! Мен сені жан-тәніммен сүйемін. Сен қалай түсінбейсің? Менің саған деген махаббатым бір күндік, бір айлық емес, өмір бойына.

Менің ойымда бір-ақ нәрсе бар ол – Сен. Күн өткен сайын, менің саған деген махаббатым күшеюде. Егер маған, «Өткен өміріңді санаңнан өшіріп, бәрін жаңадан бастайсың ба? – деп сұраса. «Жоқ», деп жауап берер едім.

Сені ойламай жүруім мүмкін емес. Ешқашан олай жасай алмаймын! Неліктен білесің бе? Өйткені сен менің бүкіл өмірімсің! Сен менің ойымдасың! Сен барлық жердесің! Сенің қасымда болғаныңды қалаймын, бүкіл өмірімді сенімен бірге өткізуді қалаймын. Сен – мен үшін өмірде ең қымбат жансың! Сен – мен үшін ең керемет жансың! Сен – маған бүкіл әлемсің! Сен, тек қана Сен! Әлемдегі ең нәзік, ең мейірімді жан бұл – Сенсің! Сен менің жалғыз махаббатымсың! Мен сені шын сүйем, Күнім сол! Миллион рет сүйемін!!! Естисің бе? Мен сені шын сүйем!!! Бір күні сен мұның бәрін түсінесің, деп ойлаймын...

Мені күйеуім қалай тастап кетті? (Әңгіме)
Жар таңдауда қателеспе!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу