«Төркініне апарып тастадым»: Айрылысқан жігіт кімді кінәларын білмей отыр

Oinet.kz 08-04-2022 12591

Үйленуге қорқып жүрген жігіт күні кеше ERNUR.KZ редакциясына қайта хабарласты. Алмасхан Наурыз мерекесі қарсаңында үйленген екен. Бірақ алған жарын төркініне қайта апарып тастапты. 

Screenshot_3.jpg

«Өздеріңіз білесіздер, мен алдын бес қызбен жүріп, бесеуінен де жолым болмай, үйлене алмап едім. Содан кейін сағым сынып, «Тағдырдың басқа салғанын көрерміз» деп үйленуді тіпті ойламай қойған едім. Бірақ үйдегі ата-анам, бауырларым қоймады. «Жүріп қаласың, жасың келген сайын таңдай бересің, қызды біз тауып береміз, соған үйлен, келе-келе жақсы көріп кетесің» деп көндірді. 

Әпкем бұрын бір сауда орталығында жұмыс істеген еді, сол жақтан бір қызды тауыпты. «Осы қызбен танысып көрші» деп телефон нөмірін берді. Оған да «Інім хабарласады» деп ескертсе керек, менімен танысуға, кездесуге қарсы болмады.

Бірінші күні телефонмен сөйлестік, ертеңіге кафеге шақырдым. Жалғыз өзі келді. Талдырмаш денелі, ұзын бойлы, әп-әдемі қыз екен. Ұнай бастады. Оқуын биыл бітіретінін айтты. Оны-мұны әңгіме етіп, кейін оны үйіне шығарып салдым. Кездесуден кейін үйдегілер мені тергеуге алды. «Сәл-пәл ұнап тұрса болды, үйлен, қыз да кездесуге шығыпты, демек басы бос болғаны. Айтпай, ескертпей, алып қашып кел» деп бәрі шулап кетті. Ойланып қалдым. Көпшілік қолдап тұрса үйлене салмаймын ба? Ойымды достарыма айтып едім, олар қосыла жөнелді. «Біздер уже балалы болып қалдық. Жүре берме, қыз ұнап тұрса алып қашайық» деп жан-жақтан қаумалап кетті. «Батылдық үшін алып қояйық» деп бір бөтелкені бөліп, ішіп алдық. Содан қыздың ауылына қарай тарттық. 

Жайна үйінде екен, жанымдағы екі досымды «жұмыстармен келіп едік, сені көріп кетейін деп бұрылдым» деп таныстырдым. Сосын шай ішейік, танысайық деп кафеге шақырдық. Ол үйінен киініп шықты. «Кафеге барамын» деп шыққан Жайнаны сол күйі біздің ауылға қарай алып қаштық. Басында Жайна дым түсінбей қалды. «Әзілдеп отырған шығарсың» деп сенбеді. Сосын қаладан ұзап шығып, біздің ауылға бұрылар тұста, «көлікті тоқтат, әңгімем бар» деп бұйырды. 

Достарым сыртқа шығып кеткен, көлікте екеуміз ғанамыз. «Мен қыз емеспін» деді ол бірден. Өзім ішіп алғанмын, оның сөзіне «тұрмысқа шығудан қорқып, сылтауратып отыр» деп сенбедім. «Қазір әзілдесетін уақыт жоқ, үйдегілер күтіп отыр, шегінерге жол жоқ» деп сөзінің бірін тыңдап, бірін тыңдамай жүріп кеттік. Сол кезде асығыс тірлік жасағаныма қазір өкінемін. 

Не керек, үлкендер жағы келінді көліктен түсіріп алды. Артынша хабаршы жіберіліп, қуғыншылар келіп, кәделердің бәрі жасалды. Ертеңіне беташар өткіздік. Сосын молда келіп, некемізді қиды. Кешкісін отауға кірерде Жайна мамама «Қазір қосыла алмаймыз, етеккірім келіп жатыр» депті. Содан біз үш күн бөлек жатып жүрдік. Төртінші түні бір бөлмеде, неке түнін өткіздік. Сөйтсем мен алып қашқан Жайна шынымен де қыз болмай шықты. Бұрын тұрмысқа шыққан екен, бірақ бара сала қатты ауырыпты да, ата-енесі «Бізге ауру келін керек емес» деп бір айдан кейін апарып тастапты. Оның бәрін сол неке түні Жайнаның өзі жайып салды. Менің көзім қарауытып кеткен. Адал деп алған адамымның бұрын есік көргенін естігенде есімнен танып қала жаздадым. «Неге осыны жасырып қалдың?» деп ұрып жібере жаздадым. «Мен саған қыз емеспін деп ескерткем» деп қайталай берді... 

Жайнаның жағдайын үйдегілер де естіді. Әкем мен шешем «Балам, жақсы адам болса болды да, үй болып кетерсіңдер» деп басу айтты. Бірақ мен көнбедім. Жайнаға деген сезімім болмаған сияқты, қазір оны көргім келмей қалды. «Апарып тастаңыздар, маған бұндай әйел керек емес» дедім. Әкем мен шешем Жайнаны алып құдаларына кетті. Ол жақта біраз айқай-шу болған көрінеді. 

Сол күні көлік апатына ұшырап, есімді ауруханада жидым... 

Жайнаның үйіндегілер «Қызымыздың артынан апарамыз» деп киім алып қойған екен. Тіпті беташардың ертеңіне жатын бөлменің жиһаздарын да әкеліп қойған. «Енді оны алып кете ме, біздің берген бір миллион қалыңмалды қайтара ма» деп үйдегілер алаңдап отыр. Ал ол жағы маған түк те қызық емес. Енді үйленбеймін деп тас-түйін бекініп отырмын...»

Өкініш өзегімді өртейді
Сүйіктімді ешкіммен бөліскім келмейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу